2021 жылдың 9 айындағы Шалқар аудандық ЖАО-ның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне (ҚР ЦДжАӨМ 31.01.2020 ж. №39/НҚ бүйрығымен бекітілген) сәйкес 2021 жылы Шалқар ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 61 қызмет түрлері бекітілген, оның ішінде:
2021 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шалқар аудандық ЖАО-мен көрсетілген қызметтердің жалпы саны 9089 қызмет құрады.
Оның ішінде электрондық түрде көрсетілген жалпы саны 7624 барлық қызмет түрлерінің үлесі 83,88% құрады.
2020 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2021 айында электрондық түрде қызмет көрсету үлесі 8,91%-ға артқандығын байқауға болады (2020 жылдың 9 айы – 74,97%)
Бұдан бөлек, аталған салыстырмаға сәйкес Мемкорпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны 1225 болып, үлесі - 13,48%-ға құрады. (2020 жылдың 9 айы – 8,97%)
Сонымен бірге, талдамалық кезеңде баламалы әдіспен қағаз түрінде көрсету үлесі 1,54% тең (2020 жылдың 9 айы – 1,37%).
2021 жылдың 9 айында аудан әкімдігімен 13 ішкі бақылау,Ақтөбе облысы әкімі аппаратымен 2 ішкі бақылау және ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен 2 профилактикалық іс шара жүргізілді.
Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар саны 265 фактіні құрады (2020 жыл-12, 2021 жыл-265).
(Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу ,Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету,Артық құжаттарды талап ету, Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту)
Бақылау шараларының қорытындыларына сәйкес жіберілген заңбұзушылықтар үшін аудандағы тексеру субъектілерінің басшылары (3 адам) және жауапты мамандары (4 адам) түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты 2021 жылғы 29 қыркүйекте аудан әкімдігінің алқа мәжілісінде қаралып, алдағы уақытта заң бұзылуына жол бермеу жөнінде тиісті іс шаралар қабылданды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 8 шара
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту-41 адам.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны-10 адам.
2021 жылғы қазан айында 2 рет «Шалқар ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен @shalkar_akimat инстаграмм парақшасында тікелей эфирде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.
Тікелей эфир барысында Білім беру саласы бойынша - 2 сұрақ, Халықты әлеуметтік қорғау 4 сұрақ, Азаматтарды тіркеу (АХАТ және көші -қон) саласы бойынша – 2 сұрақ, Жалпы 8 сұрақ қойылып барлық сұраққа толыққанды арнайы мамандар жауабын берді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесіне тікелей эфир барысында 123 адам қатысты. Қаралым саны 1956 адам.
Есепті кезеңде облыстық мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметшілерімен бірлесіп жергілікті атқару органдарға және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясының аудандық филиалының ғимаратына қоғамдық мониторингі жүргізілді. Мониторинг нәтижесі 2021 жылғы 21 қыркүйекте қоғамдық кеңес отырысында қаралды. (сервистік әкімдік ғимаратын тұрақты қызметшілермен қамту,Шалқар қаласында автодром ашу ұсынылды)
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру күн тәртібіндегі тұрақты қадағаланып отыр.