Қауымдық сервитут белгілеу туралы «SilkNetCom» ЖШС

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер кодексінің» 19, 32, 36, 43, 67, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының, 1 тармағы, 8-тармақшасына, «SilkNetCom» ЖШС-нің 2021 жылғы 24 тамыздағы №309 өтінішіне сәйкес ШЕШТІМ: 

  1. Шалқар ауданы, Мөңке би ауылдық округі, Мөңке би ауылы аумағында орналасқан 0,49 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін 2031 жылдың 12 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
  2. «SilkNetCom» ЖШС-сі «Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қауымдық сервитут келісім-шартын жасассын.
  3. Осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
  4. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Мөңке би ауылдық

округінің әкімі                                    

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 сентября 2021