2021 жылғы 22 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.

Хабар

2021 жылғы 22 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:


Бершүгір сайлау округі
Бершүгір ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1175 азамат енгізілді, олардың 768-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 48, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бисенбин М.У. – 234; Жұбаназар А.К. – 473; Томанбаев Ә.Т. – 6; Турганбаев М.А. – 3.
Жұбаназар Айтқали Кәрімұлы , 1973 жылы дүниеге келген, Бершүгір ауылдық округ әкімі, Бершүгір ауылдық округінің Бершүгір станциясының тұрғыны, «Nur Otan» партиясы ұсынған. Бершүгір ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
22 августа 2021