Ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық

сайлау комиссиясының хабарламасы

Ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды

ұсыну қорытындылары туралы

2021 жылдың 9 шілдесі күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну процесі аяқталды. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы бойынша барлығы 4 сайлау округінде 14 кандидат ұсынылды, оның ішінде 7 (50%) саяси партиялармен және 7 (50%) өзін өзі ұсыну бойынша.

Саяси партиялар кандидатураларды барлық 4 сайлау округі бойынша ұсынды: «NurOtan» саяси партиясы 4 кандидат, «Ауыл» ХДП партиясы 2 кандидат, «АDAL» саяси партиясы 1 кандидат.

Сайлау округтері бойынша орташа бәсекелестік 3 адамды құрайды.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарына сәйкестігі анықталу үстінде, кандидаттарды тіркеу 2021 жылдың 14 шілдесінде аяқталады.

2021 жылдың 9 шілдесіне барлық сайлау округтерінде кемінде екі адамнан ұсыныстар келіп түсті.

Кандидаттар құжаттарын қайтып алған жағдайда екінші кандидатура болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын мерзімге созылатын болады.

2021 жылдың 10 шілдесіне 12 кандидат тіркелді (85,7%)

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Констититуциялық заңының 113-5 бабының 9 пунктіне сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

 

 

Дата публикации
11 июля 2021