Шалқар аудандық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Шалқар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтөбе облысы Шалқар ауданыБершүгірауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 22 тамызға тағайындалсын:
- Ауылдық округтің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 24 шілдеден басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 6 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 11 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.
Шалқар аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы С. Кульбергенов
Шалқар аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Т. Жұбанов
Шалқар қаласы,
2021 жылғы 23 шілде,
№ 7