Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 136 « Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешімін басшылыққа ала отырып, аудан көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалып,төленіп келеді.
Аз қамтылған отбасыларға ( азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады. Алдағы уақытта Халықтық Банк арқылы ашылған карточкалық есеп шоттарға аударылатын болады