Жоба
Қауымдық сервитутін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 31376 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, 2026 жылдың 21 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
- «Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні