«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

Жоба

 Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 38611 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, 2026 жылдың 21 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
  2. «Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды  қамтамасыз  етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 Лауазымы                                                                                       Аты-жөні

Дата публикации
25 июня 2021