«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

Жоба

 

 Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 16031 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, 2026 жылдың 19 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
  2. «Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды  қамтамасыз  етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
25 июня 2021