Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" № 138 қаулысына, Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылдың 23 желтоқсандағы қорытындысының негізінде және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, аудан әкімдігінің қаулы жобасы және аудандық мәслихаттың шешімі әзірленді.
«Шалқар қаласының көшесін қайта атау туралы» қаулының жобасы legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 29.03.2021 жылы орналастырылды.