«Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешімнің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18, 139 баптарына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихатының сессиясына Шалқар ауданындағы қалалық жағдайда жұмыс жасайтын мамандармен салыстырғанда, ауылдық жерде жұмыс жасайтын және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға 25 пайыз жоғарылатылған айлық ақылар мен тарифтік мөлшерлемелер бекітуге ұсынылып отыр.