Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №623 «2021-2023 жылдарға арналған Шетырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешіміне
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Шалқар аудандық мәслихатының кезекті сессиясына «2021-2023 жылдарға арналған Шетырғыз ауылдық округі бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі ұсынылып отыр. Бюджет жобасы жергілікті қоғамдастықпен келісілген, мемлекеттік органдардың интернет ресурсының бірыңғай платформасында және e-gov интернет порталында жарияланған.
Бұл жобада ауылдық округ бюджеттің кірістер көлемі 2021 жылға – 22826,1 мың теңге, салықтық түсімдер 1663,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер 140,0 мың теңге, трансферттердің түсімдері 19855,0 мың теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1168,1.
Шығындар көлемі 22826,1 мың теңге сомасында бекітуге ұсынылып отыр. Аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 2021 жылға - 13700,0 мың теңге көлемінде бекітілмекші.