Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №615 «2021-2023 жылдарға арналған Бозой ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешіміне
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Шалқар аудандық мәслихатының кезекті сессиясына «2021-2023 жылдарға арналған Бозой ауылдық округі бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі ұсынылып отыр. Бюджет жобасы жергілікті қоғамдастықпен келісілген, мемлекеттік органдардың интернет ресурсының бірыңғай платформасында және e-gov интернет порталында жарияланған.
Бұл жобада ауылдық округ бюджеттің кірістер көлемі 2021 жылға –28835,0 мың теңге, салықтық түсімдер 10674,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер 486,0 мың теңге, трансферттердің түсімдері 17675,0 мың теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 6970,0. Шығындар көлемі 35805,0 мың теңге сомасында бекітуге ұсынылып отыр. Аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 2021 жылға - 15400,0 мың теңге көлемінде бекітілмекші.