Кішіқұм ауылдық округі әкімінің «Кішіқұм ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы» шешімі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы №2 қорытындысына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №396 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №173 «Ақтөбе облысының бірқатар елді мекендерін тарату туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6570 болып тіркелген бірлескен қаулысы және шешімі негізінде Кішіқұм ауылдық округі әкімінің шешім жобасы әзірленді.
Кішіқұм ауылдық округінің «Кішіқұм ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы» шешім жобасы www.shalkar.aktobe.gov.kz сайтында 01.02.2021 жылы, e-gov.ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 01.02.2021 жылы орналастырылды.