Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №616 «2021-2023 жылдарға арналған Есет Көтібарұлы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешіміне
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Шалқар аудандық мәслихатының кезекті сессиясына Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №616 «2021-2023 жылдарға арналған Есет Көтібарұлы ауылдық округі бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі ұсынылып отыр. Бюджет жобасы жергілікті қоғамдастықпен келісілген, мемлекеттік органдардың интернет ресурсының бірыңғай платформасында және e-gov интернет порталында жарияланған.
Бұл жобада ауылдық округ бюджеттің кірістер көлемі 2021 жылға – 21961,0 мың теңге, салықтық түсімдер 1074,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер 30,0 мың теңге, трансферттердің түсімдері 20857,0 мың теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1124,5. Шығындар көлемі 23085,5 мың теңге сомасында бекітуге ұсынылып отыр.
Аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 2021 жылға - 14800,0 мың теңге көлемінде бекітілмекші.