Бершүгір ауылдық округі Бершүгір ауылындағы атаусыз көшеге атау беру туралы туралы

Бершүгір ауылдық округі Бершүгір ауылындағы атаусыз көшеге атау беру туралы туралы

Қазақстан Ресбликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Бершүгір ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Схемалық картаға сәйкес Бершүгір ауылдық округінің Бершүгір ауылындағы атаусыз көшеге «Нұрғиса Тілендиев» атауы берілсін.

2. «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
22 февраля 2021