Қауылжыр ауылдық округінің Қайдауыл елді мекенінің көшесін қайта атау туралы шешім жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы №2 қорытындысы негізінде, Қауылжыр ауылдық округі әкімінің шешім жобасы әзірленді.
Қауылжыр ауылдық округінің «Қауылжыр ауылдық округінің Қайдауыл елді мекенінің көшесін қайта атау туралы» шешім жобасы www.shalkar.aktobe.gov.kz сайтында 22.01.2021 жылы, e-gov. ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 22.01.2021 жылы орналастырылды.