Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Бершүгір ауылдық округі
әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Бершүгір ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Айтенов Нурхан Кажимуканович 1985 жылы дүниеге келген, «Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкім, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Бершүгір ауылдық округі, Берүшүгір ауылы тұрғыны, «Әділет» партиясы ұсынған.
- Мұрат Әділбек Абайұлы 1997 жылы дүниеге келген, «Шалқар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі » ММ бөлім басшысы, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы тұрғыны, өзін – өзі ұсынған.
- Убниязов Муратбек Койлыбаевич 1986 жылы дүниеге келген, «Шалкар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқа ауылдық округі, Жылтыр ауылы тұрғыны, өзін – өзі ұсынған.