Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидаларына
1-қосымша

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

 

«Шалқар аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Шалқар аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі

 

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  Кодексінің 12 бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және «Ардагерлер туралы» заңының 17 бабына сәйкес  бүгінгі таңда Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.02.2010 жылғы «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және бірінші, екінші,үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 16 жасқа дейіңгі мүгедектігі бар балаларға және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері туралы» №281 шешімі бойынша жол жүру төлемдері төленіп, қызмет көрсетіледі.

Бұл қызмет түрі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде енгізілмеген.

«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және бірінші, екінші,үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 16 жасқа дейіңгі мүгедектігі бар балаларға және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері туралы» қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізуге ұсыныс береміз.

Бөлімнің сектор меңгерушісі мен құжат тапсырушы азаматтар арасында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Ішкі талдау кезеңінде  

аталған қызмет Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі бойынша көрсетіліп отыр.

 

Дегенмен, алдағы уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізуге.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары

 

 

 

Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы 

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша  «Е-собес» ААЖ-де қызмет алушы бірнеше  рет өтініш салады.

Алайда бірінші түскен өтініші бойынша қанағаттандырылып қызмет көрсетіледі.

Екінші түскен өтініші бойынша қызмет алып отыруына байланысты «Е-собес» ААЖ -мен  «қызмет алып отыруына байланысты бас тартылады» деген негіздеме жоқ.

«Е-собес» ААЖ-не «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша бас тарту тетігінде   «қызмет алып отыруына байланысты бас тартылады» деген негіздемені енгізуге ұсыныс жасаймыз. Бөлімнің жетекші маманы мен құжат тапсырушы азаматтар арасында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

 

Ішкі талдау кезеңінде  аталған қызмет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 427 бұйрығына  сәйкес көрсетіліп отыр.

 

Дегенмен, алдағы уақытта  «Е-собес» ААЖ-нің бас тарту тетігінде   «қызмет алып отыруына байланысты бас тартылады» деген негіздемені енгізуге

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары

 

            «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар :

          1.Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу ;

          2.Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге (Е-собес) өзгерістер енгізу.  

 

 

                    Бөлім басшысы                                                             А.Бурамбаева

Дата публикации
09 октября 2026