Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі
«Шалқар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
«Шалқар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бас маманы |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығының 1-тараудың 3тармағының 1 тармақшасында: «Ақпараттық жүйе - «Е-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесінің «Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу» кіші жүйесінде машиналар және оларды иеленушілер туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы» - деп көрсетілген. Алайда, осы ережеге сәйкес ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникаларын енгізетін ақпараттық жүйе ешқандай басқа электронды мемлекеттік базалармен интеграцияланбаған. Бұл өз кезегінде заңды тұлғалардың бір-бірімен қолма-қол қағаз тасығышта мәлімет алмасуын тудырады, осы ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығының 2-тарау, 1-параграф, 11 тармақта «Көрсетілген қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін тіркеу пунктіне (көрсетілетін қызметті берушіге) www.egov.kz веб порталы (бұдан әрі-портал) арқылы электрондық нысанда немесе тіркеу пунктінің пунктіне (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне қағаз нысанда ... ұсынады.» деп көрсетілген. Яғни қызмет алушы қағаз нысанда құжаттарды ұсынуға құқылы. Бұл өз кезегінде қызмет көрсетуші мен қызмет алушы арасында қарым-қатынас туындап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғады. Осы секілді жазба жоғарыда аталған барлық бұйрықтың 2 қосымшасының 2-бөлігінде «көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады» деп жазылған.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығының 2-қосымшасының 3 бөлігінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – портал арқылы 1 жұмыс күні деп белгіленген. Қызмет көрсетуші іс-сапарда немесе уақытша еңбекке жарамсыз уақыттарында қызмет көрсету мерзімінің бұзылу тәуекелі бар.
|
Ішкі талдау кезінде бұндай деректер орын алмаған. Барлық қызмет түрі электронды түрде, уақытында көрсетілген. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі бар. |
Бөлім басшысы М.Досжанов