ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

ШАЛҚАР  АУДАНДЫҚ  АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ  КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі

әкімі сайлауын  тағайындау  туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалсын.
  2. Бершүгір ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну  2026 жылғы  1 қазаннан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы             13 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін. 
  3. Бершүгір ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 18 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін  болып  белгіленсін.
  4. Осы қаулы Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.

 

 

         Шалқар аудандық аумақтық

         сайлау комиссиясының төрағасы                           Н. Бисеков

 

 

 

Шалқар аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                          Т. Жұбанов

 

 

 

 

 

 Шалқар қаласы

 2026 жылғы «30» қыркүйек                     

 № 10 

 

 

 

 

Дата публикации
30 сентября 2026