Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі
әкімін сайлау қорытындысы туралы
хабарлама
2026 жылғы 13 қыркүйекте Ақтөбе облысы Шалқар ауданының
Айшуақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының Айшуақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Айшуақ сайлау округі
Айшуақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 906 азамат енгізілді, олардың – 440 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 23 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Құдайбергенов Б.Ы. – 345
Томанбаев Ә.Т. – 38
Шукенов М.Р. – 30
Құдайбергенов Бекет Ырзабайұлы, 2001 жылы дүниеге келген, «Айшуақ – Несібе» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Айшуақ ауылдық округі, Бегімбет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, Айшуақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы