БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2021-2023 жылдарға арналған Шалқар қалалық бюджетін
бекіту туралы
Шалқар аудандық мәслихатының кезекті сессиясына «2021-2023 жылдарға арналған Шалқар қалалық бюджетін бекіту туралы» мәселе ұсынылып отыр. Бюджет жобасы Шалқар қаласы әкімінің жанындағы жергілікті қоғамдастығымен келісілген, мемлекеттік органдардың интернет ресурсының бірыңғай платформасында және e-gov интернет порталында жарияланған.
Бұл жобада қалалық бюджеттің көлемі 2021 жылға - 125029,0 мың теңге, оның ішінде кірістер бойынша салықтық түсімдер 66760,0 мың теңге, трансферттердің түсімдері 58269,0 мың теңге, шығындар көлемі 125029,0 мың теңге сомасында бекітуге ұсынылып отыр. 2022 жылға – бюджет көлемі 127061,0 мың теңге, 2023 жылға – 127061,0 мың теңге жобаланып отыр.
Аудандық бюджеттен берілетін субвенция 2021 жылға – 52821,0 мың теңге.