Шалқар аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға
арналған Айшуақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»
шешімнің жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Шалқар ауданының Айшуақ ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджетінің жобасы ұсынылады, оның ішінде:
2021 жылға мынадай көлемдерде бекітуге ұсынылып отыр:
кірістер - 24376,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2366,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 150,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 21860,0 мың теңге;
шығындар – 24376,0 мың теңге.
2021 жылға арналған ауылдық округтің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 16500,0 мың теңге сомасында көзделмекші.
Ауылдық округ бюджетінің шығындары жағында:
әкім аппаратын ұстауға 21136,0 мың теңге жобаланып отыр, оның ішінде субвенция есебінен 16500,0 мың теңге;
Ауылдық бюджеттен мына мақсаттарға қаражат бөлінбекші:
- көшелерді жарықтандыруға 1510,0 мың теңге;
- санитарияны қамтамсыз етуге, яғни күл-қоқыстарды шығаруға 217,0 мың теңге;
- көгалдандыру мен абаттандыруға 460,0 мың теңге, оның ішінде тал сатып алуға 100,0 мың теңге, дендрологиялық жоспарды әзірлеуге 329,0 мың теңге көзделмекші.