Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Айшуақ ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЫ

Шалқар аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Айшуақ ауылдық округі

әкіміне кандидаттарды тіркеу  қорытындылары туралы

ХАБАРЫ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Айшуақ ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

 

  1. Әбшанов Оралбек Әбшанұлы 1983 жылы дүниеге келген, «Айшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкім, Ақтөбе облысы  Шалқар  ауданы, Айшуақ ауылдық округі, Бегімбет ауылы тұрғыны, өзін – өзі ұсынған. 

 

  1. Құдайбергенов Бекет Ырзабайұлы 2001 жылы дүниеге келген, «Айшуақ – Несібе» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы, Ақтөбе облысы Шалқар  ауданы, Айшуақ ауылдық округі, Бегімбет ауылы тұрғыны, өзін – өзі ұсынған.   

 

  1. Томанбаев Әсет Томанбайұлы 1989 жылы дүниеге келген, «Шалқар аудандық әкімінің аппараты» ММ бас инспектор, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы тұрғыны, өзін – өзі ұсынған.

 

  1. Шукенов Мырзаш Романович 1991 жылы дүниеге келген, «Жаңақоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жаңақоныс ауылдық округі, Аққайтым ауылы тұрғыны, өзін – өзі ұсынған. 
Дата публикации
24 августа 2026