Шалқар аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Жаңақоныс ауылдық округі бюджетін бекіту
туралы» шешімнің жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Шалқар аудандық мәслихатының кезекті сессиясына «2021-2023 жылдарға арналған Жаңақоныс ауылдық округі бюджетін бекіту туралы» мәселе ұсынылып отыр. Бюджет жобасы жергілікті қоғамдастықпен келісілген, мемлекеттік органдардың интернет ресурсының бірыңғай платформасында және e-gov интернет порталында жарияланған.
Бұл жобада ауылдық округ бюджеттің кірістер көлемі 2021 жылға - 19617,0 мың теңге, салықтық түсімдер 762,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер 14,0 мың теңге, трансферттердің түсімдері 18841,0 мың теңге, шығындар көлемі 19617,0 мың теңге сомасында бекітуге ұсынылып отыр. 2022 жылға – кірістер көлемі 19485,0 мың теңге, шығындар 19485,0 мың теңге. 2023 жылға – кірістер 19485,0 мың теңге, шығындар 19485,0 мың теңге.
Аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 2021 жылға - 13300,0 мың теңге көлемінде бекітілмекші.