ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімі сайлауын тағайындау туралы

ШАЛҚАР  АУДАНДЫҚ  АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ  КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

Шалқар ауданы  Айшуақ ауылдық округі

әкімі сайлауын  тағайындау  туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Айшуақ ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну  2026 жылғы   6 тамызынан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы             18 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін. 
  3. Айшуақ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып  белгіленсін.
  4. Осы қаулы Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.

 

 

         Шалқар аудандық аумақтық

         сайлау комиссиясының төрағасы                           Н. Бисеков

 

 

 

Шалқар аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                          Т. Жұбанов

 

 

 

 

 

 Шалқар қаласы

 2026 жылғы «05» тамыз                      

 № 05  

 

Дата публикации
05 августа 2026