БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2021-2023 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін
бекіту туралы
Шалқар аудандық мәслихатының кезекті сессиясына «2021-2023 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» мәселе ұсынылып отыр. Бюджет жобасы Шалқар аудандық Қоғамдық кеңесімен келісілген, мемлекеттік органдардың интернет ресурсының бірыңғай платформасында және e-gov интернет порталында жарияланған.
Бұл жобада аудандық бюджеттің кірістер көлемі 2021 жылға - 9635217,0 мың теңге, салықтық түсімдер 3397858,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер 5859,0 мың теңге, трансферттердің түсімдері 6203000,0 мың теңге, шығындар көлемі 9635217,0 мың теңге сомасында бекітуге ұсынылып отыр. 2022 жылға – кірістер көлемі 9803846,0 мың теңге, шығындар 9803846,0 мың теңге. 2023 жылға – кірістер 9970275,0 мың теңге, шығындар – 9970275,0 мың теңге.
Облыстық бюджеттен берілетін субвенция 2021 жылға - 6203000,0 мың теңге, 2022 жылға – 6120000,0 мың теңге, 2023 жылға – 6020000,0 мың теңге көлемінде бекітілмекші.