«Шалқар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы
№404 «2020-2022 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімнің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Облыстық бюджеттің нақтылануына байланысты, 2020 жылға арналған Шалқар аудандық бюджетіне өзгерістер енгізілмекші.
Жоғарғы бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттердің көлемдері 140033,0 мың теңгеге кемітіліп отыр, оның ішінде республикалық бюджеттен 21592,0 мың теңгеге, облыстық бюджеттен 118441,0 мың теңгеге.
Бюджеттің шығыстар жағында әлеуметтік төлемдерден, құрылыс жұмыстарынан үнемделген қаражаттар кемітіліп, бала бақшаларды ұстауға, мектептердің күрделі шығыстарына және коммуналдық шығындарға қайта бөлу ұсынылып отыр.