Шалқар аудандық мәслихатының «Шалқар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар ,кнттер,ауылдық  округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік  қызметшілеріне 2021 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды  мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық  экономика  министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері  аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылға келесідей әлеуметтік қолдау көрсетілсін:

1) бір жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін  әлеуметтік қолдау – бір мың  бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

Дата публикации
07 декабря 2020