«Ұлы Борсық» КМК-ның жылумен жабдықтау жүйесінің сипаттамасы
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
КМК теңгеріміндегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 16,1 км.
Жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары 2006 жылы 30,0 млн теңге сомасына, 2010 жылы 15,35 млн теңге сомасына және 2014 жылы республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 402,76 млн теңге сомасына толық құбыр ауыстыру арқылы жүргізілді.
Шалқар қаласындағы жылу желілерінің ұзындығы 16,1 км құрайды, оның ішінде:
Жалпы қуаты 23,6 Гкал/сағат болатын 5 қазандық бар.
Абоненттер саны:
2024–2025 жылғы өткен жылыту маусымында жабдықтар бойынша апаттық жағдайлар тіркелген жоқ.
Қызметкерлер саны – 37 адам, оның ішінде:
Жыл сайын қазандықтарды жөндеу кестесіне сәйкес қазандық жабдықтары мен жылу трассаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Кәсіпорын қызметтерін 2024–2025 жылғы жылыту маусымына дайындау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспары бар және оның орындалуы тұрақты бақылауда.
КМК-ның барлық қазандықтары отын ретінде ілеспе газды пайдаланады. Газ жеткізу «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен жасалған шартқа және келісілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Төлемдер «Ұлы Борсық» КМК-ның меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі.