«Ұлы Борсық» КМК-ның су бұру жүйесінің сипаттамасы
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
КМК теңгеріміндегі кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 45,2 км құрайды, оның ішінде:
«Ұлы Борсық» КМК-ға қарасты Шалқар қаласының кәріз жүйесі 8 кәріз сорғы станциясынан (КСС), тазарту құрылыстарынан, сүзу алаңдарынан және жалпы ұзындығы 29,7 км құбыр желілерінен тұрады, оның ішінде қысымды коллектордың ұзындығы – 11,0 км.
Резванов көшесінде орналасқан №1 орталық КСС қабылдау бөліміне ағынды сулар диаметрі 150 мм шойын құбырлар арқылы №5 КСС-тен (Монша), №4 КСС-тен (СМП), №7 КСС-тен (Емхана) және №8 КСС-тен (№88 теміржол үйі) келіп түседі.
№1 КСС-тен ағынды сулар диаметрі 250 мм шойын құбырлар арқылы қабылдағыштан, көлемі 500 м³ тұндырғыштан, жалпы көлемі 450 м³ резервуарлардан және сорғы станциясынан тұратын тазарту құрылыстарына бағытталады. Қысымды желіге дейінгі аралықта кері клапандар арқылы №6 КСС (ШЧ-3), №2 КСС (Автобаза) және №3 КСС (Газшылар кенті) кәріз сорғы станцияларының құбырлары қосылады.
Тұндырғышта тұндырылған ағынды сулар резервуарларға жіберіліп, одан әрі сорғылар арқылы қала шетінен 11 км қашықтықта орналасқан үш картадан тұратын сүзу алаңдарына айдалады. Тұндырғыш мерзімді түрде жиналған тұнбалардан тазартылып отырады.
Сонымен қатар №1 орталық КСС-ке локомотив жөндеу депосының, қалалық емхананың және №8 орта мектептің ағынды сулары қабылданады. Ал тазарту құрылыстарындағы тұндырғышқа темір-бетон бұйымдары зауытының, шағын ет комбинатының, аудандық аурухананың және жұқпалы аурулар ауруханасының ағынды сулары келіп түседі.
Қазіргі уақытта ағынды сулар көлемінің жыл сайын артуына байланысты кәсіпорынның тазарту құрылыстарында кешенді кәріз тазарту құрылыстарын (КТҚ) салу қажеттілігі туындап отыр.
Бозой кентінің кәріз жүйесі 3 кәріз сорғы станциясынан, сүзу алаңдарынан және жалпы ұзындығы 6,2 км құбыр желілерінен тұрады, оның ішінде қысымды коллектордың ұзындығы – 1,2 км.
Ағынды сулар абоненттерден диаметрі 100 мм өздігінен ағатын шойын құбырлар арқылы №1, №2 және №3 КСС қабылдау бөлімдеріне келіп түседі. Одан әрі сорғылар арқылы қала шетінен 1,2 км қашықтықта орналасқан сүзу алаңдарына айдалады.
Бегімбет кентінің кәріз жүйесі 2 кәріз сорғы станциясынан, сүзу алаңдарынан және жалпы ұзындығы 5,6 км құбыр желілерінен тұрады, оның ішінде қысымды коллектордың ұзындығы – 1,8 км.
Ағынды сулар абоненттерден диаметрі 100 мм өздігінен ағатын шойын құбырлар арқылы №1 және №2 КСС қабылдау бөлімдеріне келіп түседі. Одан әрі сорғылар арқылы қала шетінен 1,8 км қашықтықта орналасқан сүзу алаңдарына айдалады.
Қауылжыр кентінің кәріз жүйесі кәріз сорғы станциясынан, сүзу алаңдарынан және жалпы ұзындығы 3,7 км құбыр желілерінен тұрады, оның ішінде қысымды коллектордың ұзындығы – 0,8 км.
Ағынды сулар абоненттерден диаметрі 100 мм өздігінен ағатын шойын құбырлар арқылы Қауылжыр кентіндегі №1 КСС қабылдау бөліміне келіп түседі. Одан әрі сорғылар арқылы тұндырғышқа және қала шетінен 0,8 км қашықтықта орналасқан сүзу алаңдарына айдалады.