2025 жылға арналған тарифтік сметаға «Ұлы Борсық» КММ бойынша (жылу энергиясын өндіру)

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
2025 жылға арналған тарифтік сметаға
«Ұлы Борсық» КММ бойынша
(жылу энергиясын өндіру)

«Ұлы Борсық» КММ 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданыстағы тариф бойынша қызмет атқарады. Аталған тариф Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті 2019 жылғы 15 тамыздағы №1-ОД бұйрығымен бекітілген.

Жылу энергиясына шекті тариф 1 Гкал үшін 4076,16 теңгені құрайды. Тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер төмендегідей:

  • есептеу құралдары бар халыққа – 3231,85 теңге/Гкал
  • есептеу құралдары жоқ халыққа – 4274,33 теңге/Гкал
  • есептеу құралдары бар өзге тұтынушыларға – 1942,33 теңге/Гкал
  • есептеу құралдары жоқ өзге тұтынушыларға – 3896,00 теңге/Гкал
  • есептеу құралдары бар бюджеттік ұйымдарға – 2147,19 теңге/Гкал
  • есептеу құралдары жоқ бюджеттік ұйымдарға – 4307,04 теңге/Гкал

«Ұлы Борсық» КММ Шалқар қаласының тұрғындары мен ұйымдарын жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.

2025 жыл қорытындысы бойынша жылу энергиясына нақты шығындар 123575,18 мың теңгені, ал табыс 112738,52 мың теңгені құрады. Нәтижесінде 10837,00 мың теңге көлемінде шығын қалыптасты. Нақты өндірілген көлем 25523,22 Гкал болды. Көлемнің артуы көппәтерлі тұрғын үйлердің және №5 мектеп-лицейдің жаңа ғимаратының қосылуына байланысты.

2025 жылы көлемнің тарифтік сметамен салыстырғандағы өсімі 3,0 %-ды құрады.

Шикізат пен материалдар бойынша шығындар 4364,20 мың теңгені құрап, тарифтік сметадан 173,59 мың теңгеге артты. Өсу себебі – материалдар бағасының қымбаттауы.

Жанар-жағармай материалдары бойынша нақты шығындар 3208,00 мың теңгені құрады.

Отын (табиғи газ) бойынша шығындар 20980,80 мың теңгені құрап, тарифтік сметадан 12214,00 мың теңгеге артты. Газдың нақты тұтыну көлемі 8662,7 мың м³ болды.

Электр энергиясы бойынша шығындар 13420,49 мың теңгені құрап, тарифтік сметадан 10751,66 мың теңгеге артты. Бұл электр энергиясы бағасының және тұтыну көлемінің өсуімен байланысты.

Өндірістік персоналдың еңбекақы қоры 52900,70 мың теңгені құрады, бұл тарифтік сметадан 2743,70 мың теңгеге жоғары. Еңбекақы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлғайтылды. Орташа айлық жалақы 142206,18 теңгені құрады.

Әлеуметтік салық 4896,00 мың теңгені құрады.

Тарифтік сметаға 3195,11 мың теңге көлемінде инвестициялық бағдарлама енгізілген. Қаржылық қиындықтарға байланысты аталған бағдарлама 2026 жылға ауыстырылды.

Басқа шығындар 1401,80 мың теңгені құрап, тарифтік сметадан 766,8 мың теңгеге артты. Оның ішінде:

  • есептеу құралдарын мемлекеттік тексеру – 125,00 мың теңге
  • техникалық сараптама – 1276,80 мың теңге

Кезең шығындары 21313,91 мың теңгені құрады (тарифтік смета – 20894,14 мың теңге). Өсу көлемі 419,77 мың теңге. Бұл әкімшілік персонал еңбекақысының артуы, салықтардың өсуі және үшінші тұлғалар қызметінің қымбаттауымен байланысты.

Әкімшілік персоналдың еңбекақысы 12792,87 мың теңгені құрады.
Салық төлемдерінің артуы – 158,07 мың теңге.
Іссапар шығындары – 618,59 мың теңге.
Байланыс қызметтері – 260,29 мың теңге.

Жалпы шаруашылық шығындар құрамында 2900,00 мың теңге көлемінде емдік жәрдемақы қарастырылған. Приаралье аймағына жатуына байланысты қызметкерлерге еңбек демалысы кезінде лауазымдық жалақы мөлшерінде төлем жүргізіледі.

Қорытындысында, 2025 жылы жылу энергиясы бойынша 10836,66 мың теңге көлемінде шығын қалыптасты. Негізгі себептері – материалдар, отын, жанар-жағармай бағасының өсуі, еңбекақының артуы және қызметтер құнының қымбаттауы.

                                                                                                                                                        

Дата публикации
12 мая 2026