2025 жылы іске асыру жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарын 2026 жылға ауыстыру ұсынылады.

2025 жылы іске асыру жоспарланған Шалқар қаласындағы локомотив депосынан балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) дейінгі ұзындығы 145 м жылу трассасының жылу трубасын орау  күрделі жөндеу жұмыстарын 2026 жылға ауыстыру ұсынылады.

Жұмыстарды орындау мерзімін ауыстыру келесі себептерге байланысты:
• 2025 жылы қаржы қаражатының шектеулілігі және оларды басым әрі апаттық нысандарға қайта бөлу қажеттілігі;
• тексеру нәтижелері бойынша аталған учаскедегі жылу оқшаулауының техникалық жағдайының қанағаттанарлық болуы;
• 2025 жылғы жылыту маусымында тұрақты жылумен жабдықтаудың бұзылу қаупінің болмауы;
• жұмыстарды 2026 жылы басқа жоспарланған іс-шаралармен кешенді түрде орындаудың тиімділігі.

Жұмыстардың болжамды құны 3 195,11 мың теңгені құрайды.

Іске асыру мерзімін ауыстыру жылу трассасының жағдайын тұрақты техникалық қызмет көрсету және бақылау жүргізілген жағдайда жылумен жабдықтаудың сенімділігіне әсер етпейді.

 

2025 жылы іске асыру жоспарланған Ұлпан станциясы – 66-разъезд аралығындағы (8–10 км) ұзындығы 2000 м сумен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеу жұмыстарын 2026 жылға ауыстыру ұсынылады.

Жұмыстарды орындау мерзімін ауыстыру келесі себептерге байланысты:
• 2025 жылы бюджеттік қаражаттың шектеулілігі және оларды бірінші кезектегі нысандарға қайта бөлу қажеттілігі;
• ағымдағы кезеңдегі жағдай бойынша аталған сумен жабдықтау учаскесінде апаттық жағдайлардың болмауы;
• ағымдағы жөндеу және пайдалану шараларын жүргізу арқылы тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мүмкіндігі;
• инфрақұрылымдық жұмыстарды кешенді жоспарлауды ескере отырып, күрделі жөндеу жұмыстарын 2026 жылы орындаудың тиімділігі.

Жұмыстардың болжамды құны 7 937,686 мың теңгені құрайды.

Іске асыру мерзімін ауыстыру желінің жағдайын тұрақты техникалық қызмет көрсету және бақылау жүргізілген жағдайда сумен жабдықтаудың сенімділігіне елеулі әсер етпейді.

 

2025 жылы іске асыру жоспарланған №7 кәріз сорғы станциясын (1 нысан) күрделі жөндеу жұмыстарын 2026 жылға ауыстыру ұсынылады.

Жұмыстарды орындау мерзімін ауыстыру бюджеттік қаражаттың шектеулілігіне және оларды басым әрі апаттық нысандарға қайта бөлу қажеттілігіне байланысты қаржылық қиындықтармен түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта кәріз станциясының техникалық жағдайы ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету шараларын жүргізу шартымен оны одан әрі пайдалануға мүмкіндік береді.

Жұмыстардың болжамды құны 3 603,313 мың теңгені құрайды.

Іске асыру мерзімін ауыстыру объектіні тиісті бақылау және пайдалану қамтамасыз етілген жағдайда су бұру жүйесінің тұрақты жұмысына елеулі әсер етпейді.

 

Дата публикации
12 мая 2026