Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айына тіркелген кәсіпкерлік субьектілерінің саны 3341 бірлік (заңды тұлға-136, жеке кәсіпкерлер-2261, шаруа қожалық-945), жұмыс жасап тұрғандарының саны  3196  (заңды тұлға-115, жеке кәсіпкерлер-2151, шаруа қожалық- 930) бірлікті құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше  100,3;   99,7 пайызды құрады.

Жыл қорытындысымен шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтіндердің саны 4432 бірлік  (111,7%) құрайды.

Өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 16512,0 млн.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда  126,8% құрады.

Бөлшек сауда көлемі  7632,0 млн.теңге  (100,3%).

Көтерме сауда көлемі 2339,9 млн.теңге  (145,3%)

         Негізгі капиталға  44636,5 млн.теңге инвестиция тартылды,  нақты көлем индексі  52,1 %

         Өнеркәсіп өнім көлемі 24535,4 млн.теңге,  нақты көлем индексі 105,3%.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 2023 жылға жоспарланған 50 жобаның   914,3 млн.теңге құрайтын 19 жобасы іске асырылды:

         -кепілдендіру (гарантирование) бойынша 5 жоба – 323,8 млн.теңге несие сомасы,   185,0 млн.теңге кепілдік сомасы  (Шалқар қаласы);

         -субсидиялау  бойынша  14 жоба  –  590,5  млн.теңге  (айналым қаражатын толықтыру мақсатына: Шалқар қаласы- 563,7 млн.тг, Бершүгір а/о -5,0 млн.тг; инвестиция тарту мақсатына: Бозой а/о -19,3 млн.тг, Бершүгір а/о - 2,5 млн.тг).

         Аудан әкімінің 2016 жылғы 22 шілдесіндегі  «Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөнінде жұмыс топтарын құру туралы» №314 санды өкіміне сәйкес тұрақты 5-топтан тұратын жұмыс істейтін штаб мүшелері аудан орталығындағы ірі сауда орындары, азық-түлік және көкөніс дүкендерін әр аптаның сәрсенбі күні аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізіліп облыстық кәсіпкерлік  басқармасына  күнделікті мәлімет беріліп келеді. Қазіргі таңда ауданда 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасы тұрақты, уақытылы бақыланып тұрады.

         Шалқар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы «Шалқар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»  № 02 қаулысымен 13 орын көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленді.

Туризм саласы бойынша Шалқар қаласында 3 (Сұңқар, Олжа, Бекнұр) және Бозой ауылдық округінде 1 (Мұрагер) қонақ үйлері;  20 мейрамхана (қалада-10, ауылдық округтерде-10); 23 кафе (қалада-19, округтерде -4)  жұмыс жасайды.                     Осы жұмыс жасап жатқан барлық мейрамханалар мен кафелерде ынғайлы жићаздармен жабдықталып, қажетті микроклиматты жасап, атап айтқанда, ауаны желдете салқындату жолымен, интерьер т.б. арқылы қолайлылықтың жоғары деңгейі қамтамасыз етілген. Қазіргі заман талабына сай етіп жөнделген.

Сонымен қатар, «Ынтымақ» шаруа қожалығының иесі, жеке кәсіпкер Т.Құдайбергенов Шалқар қаласы М.Шыманұлы көшесінен 3 бөлмелі                          (20 орындық) мейман үйін ашып, келген қонақтарды жыл бойы қабылдауға дайын.

 Шалқар қаласының кіре берістеріне, атап айтқанда Ырғыз- Шалқар, Ақтөбе-Шалқар тас жолдарының жиегіне ауданға келуші туристерге ауданымыздың туристік нысандарымен танысуға  туристік карталары  жасалып, орнатылды.

2023 жылы аудан бойынша 9 кәсіпкерлік нысан іске қосылды, олар: Шалқар қаласында  кондитерлік өнім сататын 2-дүкен, 1-наубайхана, 1-әсемдік салоны; Айшуақ а/округінде  1-мейрамхана; Есет Көтібарұлы а/о 1-шаштараз; Бершүгір а/о 1-наубайхана;  Қауылжыр а/о  1-кондитерлік цех;  Шетырғыз а/о 1-кондитерлік цех. 

 

Документы
Ақпарат
30 июня 2026
"Шалқар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме
АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Новости
Полезные материалы
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы