
Ауыл шаруашылығы мақсатында:
Аудан аумағы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланып түрлі шаруашылық жүргізуші 614 құрылым, барлығы 2455073 гектар. Оның ішінде егістік жер 25 шектар, тыңайған жер 52 шектар, шабындық 3250 гектар, жайылымдық 2529802 гектар жер учаскелерін иемденді.
Осы есепті уақыт ішінде 26 жеке шаруа қожалығы қожалықты одан әрі жүргізу мүмкіндіктерінің болмауы және жерін азайтуына байланысты 51212 гектар жерді ауданның босалқы жер қорына қайтарған.
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін жалға берген кезде конкурстар ұйымдастыру және өткізу жөнінде аудандық комиссия құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Қайтарылған жер телімдерін ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға айналымға қайта енгізу үшін 2023 жылы 1 конкурс өткізілді. Конкурсқа жалпы көлемі 70700 га болатын 33 жер учаскесі ұсынылып, нәтижесінде жалпы көлемі 49165 га болатын 21 жер учаскесіне жеңімпаздар анықталып, жер учаскелері табысталды.
Жеке тұрғын үй бойынша:
Шалқар қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 2023 жылға 154 жер учаскесін беріліп жатыр, жоспар желтоқсан айында толығымен орындалды. Тұрғын үй бойынша 15 жер учаске қаланың босалқы жер қорына қайтарылды.
Қазіргі таңда Шалқар қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесінің кезегінде 1492 азамат тіркеуде тұр.
2023 жылдың 12 айында аудан бойынша кәсіпкерлік мақсаттарда 134 жер пайдаланушыға көлемі 92763,32 шаршы метр болаты жер учаскелерін 18726880 теңгеге көлемінде келісім-шарт жасалды. 2023 жылы 12 айында бұрын жасалған және жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін сатудан жасалған келісімшарт негізінде 12388130 теңге қаржы бюджетке түсірілді.
Аудан бойынша 2023 жылдың 12 айында 486 жер пайдаланушыға жалға берілген 506 жер учаскесі (жер көлемі 17120,89034 гектар, жалдау құны 42236235 теңге) тіркеуде тұр. 2023 жылдың 12 айында 100 жер пайдаланушыға көлемі 16,029824 гектар болатын жер учаскесін (оның ішінде кәсіпкерлік мақсаттарда 27 жер учаскесі-жер көлемі 14829,49971 гектар) жалға беру жөнінде келісім-шарттар жасалды, 2023 жылдың басынан бастап осы уақытқа дейін жер учаскелерін жалға беруден 42236235 теңге қаржы бюджетке түсірілді. Жалпы осы уақытқа дейін аудан бойынша кәсіпкерлік мақсаттарда 390026,73 шаршы метр жер учаскелерін жеке меншікке алған 662 кәсіпкер тіркеуде тұр.
Шалқар ауданы бойынша аукцион арқылы сатылып берілетін жалпы ауданы 43454 шаршы метр 12 жер учаскесіне жерге орналастыру жобалары әзірленіп, жалпы ауданы 3,0324 гектар болатын 5 жер учаскесі электронды аукцион арқылы сатылып, 3358753 теңге қаражат бюджетке түсірілді.