Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы

2024 жылдың 1 қаңтарына  аудан  бюджетіне  4710,1  млн. теңге түсіп,  кіріс бөлігінің болжамды көрсеткіштері 114,4% орындалды немесе 591,8 млн.теңге артық түсті. Өткен жылмен салыстырғанда  115,7 % немесе  639,3 млн.теңгеге артық.

Аудан бюджетінің шығыстары 7693,3 млн.теңгені құрап, 96,3% орындалды.

 

ӨНЕРКӘСІП.

2023 жылдың  12 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік  өнім өндіру көлемі 24535,4 млн.теңге құрады, өткен жылдың сәйкес  кезеңімен салыстырғанда  нақты көлем индексі 105,3 % (облыста 96,3 %).

Жалпы өнеркәсіптік өнім көлемі көрсеткіші 4 сала бойынша қорытындыланып шығарылады.  Оның ішінде,

  • Тау-кен өнеркәсібінде    12843,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді, нақты  көлем  индексі   120,2%.  
  • Өңдеу өнеркәсібінде 10358,0 млн. теңгенің өнімі  өндірілді, нақты көлем индексі  95,4 %.  Өңдеу өндірісінің кем орындалуы өңдеу өнеркәсібінің 8-9 пайызын құрайтын  әр түрлі ұсақ өндіріс орындарындағы өнім көлемдерінің азаюынан болып отыр.(асфальт өндіру, баспахана өнімдері т.б)
  • Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау бойынша 1016,7 млн.теңге, НКИ 91,7%.
  • Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша 316,9 млн.теңге, НКИ 105,9%.

Өндірістің  жалпы көлемінен  52,3 пайызды тау-кен өндірісі құрап отыр .

Өңдеу өнеркәсібінің  үлесі 42,2 пайызды құрады.

        

ИНВЕСТИЦИЯ

         Негізгі капиталға  44636,5 млн.теңге инвестиция тартылды,  нақты көлем индексі  52,1 % (облыста  109,5 %). Оның ішінде, меншікті қаражат–40835,8 млн.теңге.

         Тартылған инвестиция негізінен өнеркәсіп саласына -13653,5 млн.теңге,  жылжымайтын мүліктермен операцияларға  -2401,6  млн.теңге, көлік және жинақтауға 27294,9 млн.теңге, т.б  бағытталды.

         Негізгі қорға тартылған инвестиция көлемінің орындалмау себебі, 2022 жылы  аудан территориясында Бейнеу- Шымкент газ құбыры құрылысы жүргізілуіне байланысты 36,6 млрд, барлау жұмыстарына Бозой өңірінен «ННС Сервис»  ЖШС 13,2 млрд, Бершүгір өңірінен «ТехЭлектроКазахстан» ЖШС 12,2 млрд теңге сияқты ірі инвестициялар тартылды.

         Ағымдағы жылы жоғарыда аталған Бейнеу- Шымкент құрылыс жұмыстары аяқталды және ауданда басқалай ірі инвестициялық жобалар болмауына байланысты өткен жылғы деңгейге жету мүмкін болмады.

 

ҚҰРЫЛЫС

Есепті кезеңде ауданда 25002,4 млн.теңге құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нақты көлем индексі 191,9%. (облыста 125,5%),  

Тұрғын үйді  пайдалануға  беру бойынша  31882  шаршы метр 102,1 %-ға орындалып (облыста 100,7%),  жеке тұрғындар     есебінен  202  үй салынды.

        

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл  шаруашылығының жалпы   өнім   көлемі  29439,7 млн.теңгеге жетіп,өткен  жылмен  салыстырғанда  нақты көлем индексі  102,2% құрады (облыста 98,0%).

         Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша  18983,1  млн.теңге (НКИ 100,6 %).

          Мал  басы  мүйізді  ірі  қарадан   56,0  мыңға (114,3 %), қой-ешкіден 108,4  мыңға (104,5 %),  жылқыдан  51,5 мыңға (111,3 %), түйеден  14,6 мыңға (107,3 %),  құстан  12,4 мыңға  (219,0 %) жетті.

         Биылғы жылға ауданға  «Сыбаға» бағдарламасы аясында  700 бас МІҚ, 2200 бас қой сатып алуға тапсырмалар беріліп,  есепті кезеңде 716 бас МІҚ (102,3% ), 2225 бас қой (101,1%) сатып алынды.

ШОБ ЖӘНЕ САУДА

         Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің саны 3342 бірлік, оның ішінде жұмыс жасап тұрғандары  3196 бірлік, өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше  100,3%, 99,7 %.

         Жұмыс  жасап тұрған шағын орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесі 95,6%-ды құрап, өткен  жылдың  осы  кезеңімен  салыстырғанда  0,6 %-ға  кеміді. (2022 жыл-96,2 %).

         Бөлшек сауда айналымы 2024 жылдың 1 қаңтарына  7632,0 млн.теңгеге жетіп, НКИ 100,3 % құрады. (облыста 104,4 %)

         Көтерме сауда айналымы 2339,9  млн.теңгеге жетіп, НКИ 145,3 % құрады. (облыста 85,8 %)

        

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

          2024 жылдың 1  қаңтарына  1878  жаңа жұмыс  орны  ашылды (жылдық жоспар-1622 орын; 115,8 %-ға орындалды).

          Тұрақты жұмысқа 1384 адам жіберілді. (жылдық жоспар-1200 адам; 115,3%-ға орындалды).

          Әлеуметтік жұмысқа 161 адам (жылдық жоспар 160 адам; 100,6 %-ға орындалды), жастар практикасына 257 адам (жылдық жоспар 262 адам; 98,1%-ға орындалды), қоғамдық жұмысқа  426 адам  (жылдық жоспар 404 адам; 105,4%-ға орындалды)  жіберілді.

          45 адам  400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  қайтарымсыз грантқа ие болды.

         Ресми тіркелген жұмыссыздар саны  564 адам. Ресми жұмыссыздық деңгейі –2,7 %.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП

           Полиция бөлімінің статистикасына сәйкес,  2024 жылдың 1 қаңтарына барлық  тіркелген  қылмыстың  саны -132, өткен жылмен салыстырғанда 115,8 % құрады. Жалпы қылмыстың ашылуы 69,0 пайыз.

Документы
Ақпарат
08 апреля 2026
«Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеме
Шалқар ауданы бойынша 2026 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар,кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттырының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандықтар тізбесі
Ақпарат
13 января 2026
Шалқар ауданы бойынша 2026 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар,кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандықтар тізбесі
Ақпарат
13 января 2026
Шалқар ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары
Новости
Полезные материалы
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы
ИАС «Талдау»
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Шалқар ауданы әкімдігі
Часто задаваемые вопросы
«Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы бойынша жобаға кімдер қатысып, ала алады, қанша жыл ауылда жұмыс жасауы тиіс?

Нақтырақ айтқанда, бұл бағдарламаға  денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласының және мал дәрігері маманы ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік  қызметшілеріне  бағдарламаға қатыса алады.  Сондай-ақ, кем дегенде 3 жыл ауылда тұруы тиіс. Сол елді мекенде өз атында пәтері не жеке үйі болмауы керек. Жобаға сонда ғана қатысуына болады

АӘК құжаттарын қалай тапсыруға болады ?

"Egov" порталымен электрондық қол қою арқылы тапсыра аласыз

Мемлекеттік грантты екінші рет алуға боладыма?

Мемлекеттік грантты екінші мәрте ала-алмайсыз.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы