Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ішкі саясат туралы
      1. Аудандағы коғамдық-саяси ахуал туралы

      Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Социум» әлеуметтанулық зерттеулер орталығы жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша жалпы ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты деп бағалануда, дағдарысты жағдайлардың пайда болуына алғышарттар жоқ.

      Аудан бойынша қоғамдық-саяси ахуалды анықтау, еңбек жанжалдарының алдын алуда  жұмыстар жалғасуда.  Жалақы бойынша  және жұмыскерлердің жұмыстан босатылуы фактілеріне мониторинг жұмысы жүргізіліп, бақыланады.  

      1. Этносаралық қатынас туралы

      Шалқар ауданы тұрғындарының жалпы саны 42 433. Оның ішінде 444 өзге ұлт өкілдері (207- орыс, 30-украин, 134-татар, 5-неміс, 4-беларус,           1-кәріс, 3-әзірбайжан, 1-шешен, 17-өзбек және 42 –өзге ұлттар). Аудан халқының 99 пайызы қазақтарды құрайды. Барлығы қазақ тілін еркін меңгерген. Қоғамдық шараларға белсене араласып, ел дамуына үлестерін қосуда. Ауданда этносаралық және әлеуметтік шиеленіс тудыратын алғы шарттар жоқ. Өзге ұлт өкілдерінің диаспорлары тіркелмеген.

      Шалқар ауданы бойынша бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, этносаралық толеранттылықты, қазақстандық этностарды интеграциялауға бағытталған «Қазақстан –бірлік пен татулықтың мекені» атты 7 баннер қала және ауылдық округтердің орталық көшелерінде орналастырылды.

      2023 жылы Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында қайырымдылық, ынтымақтастық және тату көршілікті дәріптеу мақсатында  аз қамтылған отбасылар тізімін жасақталып, әлеуметтік және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

      Білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақты патриотизмге, жалпыұлттық бірлік пен келісімге, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеуге бағытталған «Достық күні», «Бірлік сабақтарын» өткізілді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде «Бір шаңырақ астында» тақырыбында түрлі акциялар, роликтер мен челлендждер ұйымдастырылды.

      III. Мемлекеттік рәміздер туралы

      Шалқар ауданы әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі консультативтік-кеңестік комиссия құрылып, жұмыс жоспары жасақталынып,  жоспарға сәйкес мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады. 2023  жылы мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша 2 мониторинг жұмысы жүргізілді.

      Мемлекеттік Рәміздер күніне орай және Республика күні қарсаңында еліміздің Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі және Мемлекеттік Гимнді бір мезгілде орындау республикалық акциясы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге бағытталған 200-ге жуық шаралар өткізілді. 

      ІV. Үкіметтік емес ұйымдар туралы

      Шалқар ауданында 10 қоғамдық бірлестік, 5 қоғамдық қор және               2 жекеше мекеме, жалпы саны 17 үкіметтік емес ұйым тіркелген (ҮЕҰ). Заңды тұлға ретінде тіркеліп, жұмыс жасамай тұрған 3 (үш) қоғамдық бірлестік жойылу сатысында.

      Аталған үкіметтік емес ұйымдар арасында белсенді жұмыс атқаратындары: «Шалқар саясы» мүгедектерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Шалқар ауданының Қоғамдық Даму Қоры» Қоғамдық қоры, «Аңсар-Шалқар» Қоғамдық бірлестігі.

      1. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының орындалуы туралы

               Шалқар ауданы бойынша бағдарламада көрсетілген бағыттар негізгі бағдарға алынып төмендегідей  бірқатар жұмыстар жүргізілді.                                                                    

               «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде ағымдағы жылы Шалқар ауданы бойынша 2023 жылға 52 млн 406 мың теңгені құрайтын 26 ірі жоба 143 кіші жоба орындалды.

                Ақпан айында «Artemia Global» ЖШС-і Бозой ауылдық округ әкімі ғимаратына  600 мың теңгеге стол, 4 былғары кресло және мінбе, Наурыз айында жеке кәсіпкер Б.Көмекбаев Бегімбет ауылдық клубына 700 мың теңгеге мерекелік сахна алып берді. Мамыр айында М.Тәжин атындағы ЖОББМ-іне Әбдіғалиевтер әулеті математика кабинетін жабықтап берді қаражат құны 1 млн 200 мың теңге. Мамыр айында Жаңақоныс ЖОББМ 1976ж түлектер 650 мың теңгеге музыкалық аппарат  1982-1983 жылғы түлектер 500 мың теңгеге мектеп жанынан жылыжай ашуға қажетті құрал жабдықтарын сыйға берді. Тоғыз ауылдық округіне ауыл тұрғындарының демеушілігімен той, садақаға пайдалануға ағаш үй 2 млн теңгеге истетіп табысталды. Бершүгір ауылдық округіне мамыр айында ауыл азаматтарының демеушілігі мен 2 млн теңгеге кіре беріс арка қондырып берді. Қазан айында 700 мың теңгеге 1990 жылғы түлектер Балалар ойын алаңын салып берді. Айшуақ ауылдық округіне ауыл тұрғындарының демеушілгімен 1млн 800 мың теңгеге Газон жамылғысы шағын футбол алаңына алып берді.

      1. Жастар ахуалының жалпы жағдайы

      Шалқар ауданы бойынша жастардың жалпы саны –  12745 немесе 42 562 жалпы тұрғындардың 29,9% құрайды. Аудан орталығында 8871 жас болса, 3874 ауылдық елді-мекендерде тұрады. Оның ішінде ерлер саны 6826, әйелдер 5919.

      Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің саны – 17 адам. Жастар саясатын қаржыландыру көлемі 36602,7 мың теңгені құрайды, оның ішінде іс-шаралар өткізу үшін 560,4 мың теңгені қаржы бөлінген.

      «Анаға тағзым орталығы» ғимаратының 1-ші қабатында 4 бөлмеде орналасқан. Барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мекемеде қызметтік УАЗ автокөлігі бар.

      Жастар ресурстық орталығына жүгінген жастар саны – 225. Жұмыссыздық мәселесімен жүгінген жастардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы 120 жас маусымдық жұмыспен қамтылды.

      Аудандық жастар ресурстық орталығының жылдық жоспарына сәйкес түрлі санаттағы жастардың жай-күйін анықтау және оларды қолдау мақсатында мекен-жай жұмыстары тұрақты түрде атқарылып отырады. Жыл басынан жастар арасындағы өзекті әлеуметтік проблеммаларды анықтау және ауыл жастарын әлеуметтендіру мақсатында жастар ресурстық орталығы мамандары мен ауылдық округ нұсқаушылары мекен-жай жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыс барысында 10322 үй (аула) араланып, 14 пен 35 жас аралығындағы 12745 жастың есебі алынды. Оның ішінде тұрақты жұмысы жоқ 252 жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған 1971 және негізгі және орта білім алғаннан кейін оқымай қалған 18 жас (11 кластан кейін-13, 9 кластан кейін-5) анықталды.

      Аудандағы NEET санатындағы жастармен жұмысты жүйелендіру бойынша жыл басында кешенді жоспар құрылған болатын. Биылғы жылдан бастап жастар жасы 35 жасқа дейін ұзартылуына байланысты аталмыш санаттағы жастар саны біршама көбейді. Қазіргі таңда NEET санатында 18 жас есепте тұр. Олардың 10-ы ауыдық округтерде және 8-і   аудан орталығында орналасқан.  Жоспарға сәйкес бұл жастарға мекен-жай жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Жұмыс барысында оларға түрлі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіре отырып, өз кәсіптерін ашуға ықпал етуге, сонымен қатар бейімділігіне қарай оқу орындарына ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар, аталмыш жастарға шеберлік сағаттары,  психологиялық тренингтер мен ашық есік күндері өткізіліп тұрады.

      Қазіргі таңда ауданда 29 волонтерлық топ жұмыс атқаруда. Оның ішінде аудан орталығынан құрылған 17 топ  болса, ауылдық округтерде топтар саны 12 құрайды. Орталықтандырылған Qazvolunteеr.kz платформасына жоғарыда аталған түрлі санаттағы жастардан құралған 29 топтан 600 жас мүшесі тіркелді. Ерлер саны 275, әйелдер саны 325 құрайды. Волонтерлық қызметті қолдау және дамыту бойынша шаралар - 234; қамтылған жастар саны - 6402.

      Аудандық жастар ресурстық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес жылына 2 рет өткізіледі. Құрамында 45 адам, оның ішінде жастар саны 33 құрайды.

      Алғашқы отырыс ағымдағы жылдың мамыр айының 31 күні, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша: 1. Шалқар ауданы аумағында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Шалқар ауданды ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі А.Борашев баяндама жасады. 2. Жастар арасында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Сембай баяндама оқыды.

       Екінші жартыжылдықта отырыс ағымдағы жылдың желтоқсан айының 28 күні, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша: 1.Аудан көлемінде жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталғын мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша атқарылғын жұмыстар туралы «Шалқар ауданының мансап орталығы» директоры Ж.Аиымбетов баяндама жасады, ал қосымша баяндамашы «Шалқар аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Б.Анапинның баяндама жасады.

      2.Жастардың ортан алдында өз борыштарын өтеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник А.Тоқсанбаевтың баяндама жасады, сонымен қатар Тоғыз ауылдық округінің әкімі Б.Ідірісов, Мөңке би ауылдық округінің әкімі Д.Ысқақов, Бозой ауылдық округінің әкімі Ж.Жұбаназаров қосымша баяндама жасады.

      Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың орындалуы бойынша

       

      «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында есепті кезеңде 245 жас жұмысқа жіберілді.

      «Жасыл ел» бағдарламасымен 120 жас қамтылды. Жалпы 20 жұмыссыз, 72 студент, 28 оқушы. Оның ішінде көп балалы отбасынан шыққандар 41, аз қамтылған 57, толық емес отбасы және қамқоршылықта 22 жас.

      «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 5 жас жұмысқа орналастырылды.

      «Бизнес Бастау» бағдарламасымен 9 жас қайтарымсыз 1 миллион 380 мың теңге қаржы көлемінде иеленіп өз кәсіптерін бастады.

      «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 29  жас иеленді

      «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы бойынша 9 жас жұмыспен қамтылды.

      «Қысқа мерзімді кәсіптік оқу» жобасы бойынша 26 жас жіберілді.

      «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 15 жас жұмыспен қамтылды.

      Тұрақты және әлеуметтік қоғамдық жұмысқа 395 жас жұмысқа жіберілді.

      Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен есепті кезеңде 4 жоба бойынша 54 шара өткізіліп, 1821 жас қамтылды. Атап айтсақ:

      1) «Заңды білу заман талабы» жобасы. Мақсаты - құқықтық сауаттылық, жастар арасында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу. Жоба аясында 27 шара өткізіліп, 260 жас қамтылды. Атап айтсақ, полиция бөлімінде есепте тұрған жастардың үйлеріне мекен - жай жұмыстары, «Жас сақшы» тобының қатысуымен түнгі рейдтер және  аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған жастарға психологиялық тренингтер өткізілді.

      2) «Қарияға құрмет» жобасы. Мақсаты –жалғызбасты қарттарға көмек көрсету, адамгершілік құндылықтарды ұлықтау, әрқашан қайырымды істерге жұмыла білуге баулу. Жоба аясында 18 шара өткізіліп, 284жас қамтылды. Атап айтсақ, «Ардагерлерді ардақтайық», «Қартыңды сыйла, қазағым», «Қарттарым асыл қазынам», «Қайырымды жүрек» атты қайырымдылық акцияларын өткізіп, жалғызбасты қарттарға, аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілді.

      3)«Бақыт мекені» жобасы. Жоба аясында 6 шара өткізіліп, 351 жас қамтылды. Атап айтсақ отбасы күніне орай «Отбасы-ынтымақ ошағы» атты шара, әкелер күніне орай "Ұрпақтың бас ұстазы әке" атты шара, «Толағай» отбасылық сайысы, Тал егу акциясы және кездесулер, тренингтер, өткізілді.

      4) «Менің болашақ мамандығым» жобасы. Жобаның мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге оқу орындары жөнінде жан-жақты ақпарат беру. Жоба аясында мектеп бітіруші түлектерге облысымыздағы 13 білім беретін оқу орындарының білікті мамандары түлектерге оқу орнындағы мамандықтар, гранттар саны туралы жан-жақты түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына толық жауап берді. Жоба аясында инстаграм желісіндегі shalkhar_zhastary парақшасы  арқылы тікелей эфирде 3 шара өткізіліп, 926 жас қамтылды.

      Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың қортындысы негізінде жалпы түнгі рейд жұмыстар бойынша 32, рейтке қатысушы жастар саны-277.

      «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасындағы индекатор 1.2. пункті жастарға мүмкіндік бойынша

      14.13.  «Жасыл ел» бағдарламасымен 120 жас қамтылды. Жалпы 20 жұмыссыз, 72 студент, 28 оқушы. Оның ішінде көп балалы отбасынан шыққандар 41, аз қамтылған 57, толық емес отбасы және қамқоршылықта 22 жас.

      15.12. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 5 жас жұмысқа орналастырылды.

      1. «Qaisar» бағдарламасы бойынша 10 шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда Жаңақоныс ауылдық округінде «Мен елімнің патриотымын» атты әскери қолданбалы спорттық сайысы, "Отан қорғаушылар" күні қарсаңында "Ұранды елдің - ұрпағы қайсар" атты патриоттық шаралары аудандағы мектептерде өткізілді.

      21.13. Ауданда жастар арасында жұмыссыздық саны 252. Оның ішінде «Мансап» орталығы арқылы тіркелгендер саны 71 болса, мекен жай жұмыстары барысында анықталған жұмыссыздар саны 181 құрайды. Бұл жалпы жастардың 1,9 % құрайды.

       Аудандағы діни ахуал туралы

      Жалпы Шалқар ауданында діни ахуал жағдайын тұрақты, қалыпты деп айтуға болады.

      Шалқар ауданында 8 діни бірлестік және Қауылжыр ауылдық округінде 1 намазхана жұмыс жасайды. Оның 2–еуі Шалқар қаласында, 6-уы ауылдық округтерде орналасқан. Кішіқұм ауылдық округінің имамы жоқ. Қалған барлық мешіттер имаммен және қаражатпен қамтамасыз етілген.

      Аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің көріністерін алдын алу және деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында АТТ мүшелері тарапынан халықтың мақсатты топтары арасында 15 категорияға (жастар, базар, көлік қызметі, вахта, аз қамтылған, маргиналды, қандастар және тб.) сәйкес жүргізілуде.

      Жыл басында индикатор бойынша айлық орташа көрсеткіш                   (8 кем емес) бекітілді. 12 айда орталық мамандарының қатысуымен аудан көлемінде 244 іс-шара ұйымдастырылып, 8505 адам қамтылды. Индикатордан 148 шара артық орындалды.

      Аудан тұрғындарының діни сауаттарын арттыру және діни жат ағымдардың алдын алу мақсатында инстаграм (564), ютуб (60), тик ток (137), фейсбук (559), вк (559)  әлеуметтік желілерінде 1879 контрнасихаттық ақпараттар жарияланды. (оның 15 – і жергілікті «Шалқар» газетіне жарияланды). Тұрғындарға діни мәселелері бойынша 240 жадынамалар таратылды.

      Әлеуметтік желілерде халықтың діни сауатын көтеру мақсатында іске қосылған орталықтың сенім телефоны және ватсап желісіне 33 сұрақ келіп түсіп, мамандар тарапынан тұшымды жауаптар берілді.

      Ағымдағы жылы  орталық мамандарының тарапынан 17 тікелей эфир өткізіліп, 1965 қаралым тіркелді.

      Діни жалған идеологиялардың алдын алу мақсатында Шалқар ауданы бойынша барлық мектептердің жоғары сынып оқушыларына 28 кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысқан оқушылар саны - 1721.

      Алдағы уақытта да діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және жат ағым ұстанушы азаматтарды дәстүрлі дінге бейімдеу мақсатында қарқынды жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

Документы
Ақпарат
30 июня 2026
"Шалқар аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме
Аудан әкімінің қатысуымен БАҚ өкілдерімен кездесу өтті
Ақпарат
14 мая 2024
Қоғамдық медиаторлар тізілімі
Ақпарат
03 марта 2022
Шалқар ауданы бойынша қоғамдық медиаторлар тізімі
Новости
Полезные материалы
Ішкі саясат туралы
Газеттер / журналдар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Шалқар ауданы әкімдігі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы