Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы туралы

шаруашылығы саласы бойынша 29 439,7 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ (нақты көлем индексі) 102,2 %-ды құрады.              

         Жыл ішінде  аудан бойынша 12 846,4 тонна ет, 15 074,1 тонна сүт, 800,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру 99,8 %-ға, сүт өндіру 102,6 %-ға, жұмыртқа өндіру 114,6 %-ға артып отыр.

           Мал басының барлық түрінен де өсімі байқалды. Атап айтқанда МІҚ саны 56 057 бас, қой-ешкі саны 108 448 бас, жылқы саны 51 553 бас, түйе саны 14 589 басты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, МІҚ- 114,3 %, қой-ешкі 104,4 %, жылқы 111,3%, түйе 107,3 % өсімді құрады. Мал басының өсіміне жылма-жыл өз төлінің көбеюі оң әсерін тигізуде. Осы маусымда  19 590 бас бұзау, 55 864 бас қозы-лақ, 14 393 бас құлын, 2 323 бас бота алынды. Мал төлдету науқаны өз деңгейінде қалыпты өтті.

           «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында үстіміздегі жылға ауданға 700 бас МІҚ малын, 2 200 бас қой сатып алу тапсырмасы берілген болса, жыл ішінде 716 бас МІҚ, 2225 бас қой сатып алынып, берілген тапсырма сәйкесінше 102,3 % және 101,1%-ға орындалып отыр. Сонымен қатар алыс жайылымдарды суландыру бағытында 20 ұңғыма қазу қажет болса, 20 ұңғыма қазылып, берілген тапсырма толықтай орындалды.

          Ауыл шаруашылық техникасы паркін жаңарту бағытында 15 дана трактор, 36 дана мал азығын дайындайтын техника сатып алу тапсырмасы беріліп, бүгінгі күнде 15 трактор, 38 мал азығын дайындайтын техника сатып алынды. Шаруашылық құрылымдары аталған техникаларды лизингтік жолмен және өз қаражаттарына сатып алды.

           Мал бордақылау алаңдарына жыл ішінде 1640 бас бұқашық тапсырылды.

         Ауданда қазіргі таңда 24 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі жұмыс жасауда. Аталған ауыл шаруашылық кооперативтері жыл бойы 1753,8 тонна ет өткізіп, ауыл шаруашылық саласы бойынша жоспарлы нақты көлем индексінің орындалуына оң әсерін тигізді.

         Мал шаруашылығын цифрландыру бойынша ауданда 6 шаруа қожалығы 12 GPS трекер құрылғысын сатып алып, жылқы малдарына орнатты. Бұл өз кезегінде мал ұрлығының алдын-алуға көмегін тигізіп отыр. Шаруашылықтар арасында осы бағытта түсіндірме жұмыстары жалғасын таба беретін болады.

         Төрт түлік малдың санының көбеюімен қатар сапасының жоғарылауына да назар аударылып, жұмыстар жасалуда. Ол үшін ауданымыздағы асыл тұқымды мәртебеге ие «Нұралы» шаруа қожалығынан және басқа облыс, аудан көлемінде орналасқан асыл тұқымды мал өсіретін ірі репродукторлы шаруашылықтардан асыл тұқымды аталық бұқалар, қошқарлар сатып әкелініп, тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізілуде. Тек үстіміздегі жылдың өзінде 61 шаруа қожалығы 198 бас асыл тұқымды бұқа және 9 шаруа қожалық 135 бас асыл тұқымды қошқар сатып әкелді. Осы жылы аудандағы Ақтоғай ауылдық округіне қарасты «Асылхан» шаруа қожалығы герефорд асыл тұқымды МІҚ малын өсіруші ретінде аталған тұқымдық палатасына тіркелді. Осы жылдан бастап қожалық асыл тұқымды бұқалар мен аналық сиырлар сатуды бастайтын болады.

           Жылдан-жылға асыл тұқымды аналық сиыр саны да өсіп келеді. Ағымдағы жылы Бозой ауылдық округіне қарасты «Дастан» шаруа қожалығы 48 бас абердин-ангус тұқымының аналық басын және осы ауылдық округке қарасты ЖК «Айзада»  10 бас гольштин тұқымының аналық сиырын сатып әкелді. Сонымен бірге осы округке қарасты «Ақжол» шаруа қожалығы өткен тамыз айында 100 бас асыл тұқымды Еділбай қойының аналық саулықтарын сатып әкелді. Алдағы жылдардан бастап аталған қожалық шаруашылықтағы қой малын асылдандырып, аудан қожалықтарын асыл тұқымды еділбай қошқарларымен қамтамасыз етуді жоспарлауда.      

            Сонымен қатар үстіміздегі жылы аудан бойынша 580 га. жерге картоп, көкөніс және бау-бақша дақылдары егілді. Оның ішінде картоп дақылы 153 га, көкөніс дақылдары 258 га және бақша дақылдары 169 га және де ауданда 500 га. жерге көпжылдық мал азығы дақылдары егіліп, жыл сайын шығымдылығына қарай шөп шабылуда.

             Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты баға тұрақтылығы да басты назарда болып, апта сайын шаруашылық құрылымдарының қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілді. Жалпы бүгінгі күнге дейін 46 жәрмеңке ұйымдастырылып, 59,0 млн. теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері (ет, сүт, т.б) халыққа қол жетімді бағада ұсынылды.            

Документы
Ақпарат
03 марта 2021
«Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеме
Шалқар ауданы бойынша 2021 жылға ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу сұранысқа ие мамандықтар тізімі.
Новости
Полезные материалы
Ауыл шаруашылығы туралы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Шалқар ауданы әкімдігі
Часто задаваемые вопросы
Үкімет тарапынан бөлініп жатқан мал шаруашылығына субсидияны қалай алуға болады?

Үкімет тарапынан бөлінетін субсидия ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне  (АШТӨ)  беріледі. Субсидия алу үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесі   электронды веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.  Порталға кіру үшін  міндетті түрде ЭЦҚ қажет. АШТӨ-нің ЭЦҚ кілті арқылы өтінім бере алады.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы