Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмыс

Тұрғын-үй көмегі

 

Тұрғын үй жәрдемақысы - Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Отбасының шектi ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының жиынтық табысының 5 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

Аудан бойынша жыл басынан бері 130 отбасына 540 отбасы мүшелеріне  4000,0 мың теңге қаржы тағайындалып, төленді.

 

Жұмысқа орналастыру

 

Аудан бойынша 2023 жылы  жұмыссыздыққа тіркелген жұмыссыздардың саны 564 адам. Жұмыссыздық деңгейі 2,7 пайызды құрап отыр.

«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бойынша:

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 83 адам жіберіліп жоспар 104,0 пайызға орындалды.

 «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға» арналған 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант 45 адамға беріліп, жоспар 100,0пйаызға орындалды.

Шағын несие 23 адамға жоспарланып, 29 адамға нақты шағын несие беріліп, жоспар 126,0 пайызға орындалды.

«Бастау бизнес» жобасы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтар  айына 692 адам кәсіптік негізде онлайн форматта оқытылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 161 адам жіберіліп, жоспар 101,0 пайызға орындалды.  

Жастар тәжірибесіне 257 адам жіберіліп, жоспар 100 пйаызға орындалды.

2023 жылға ақылы қоғамдық жұмысқа 404 адам жоспарланып, 426 адам нақты жіберіліп, жоспар 105,0 пайызға орындалды.

Аудан бойынша бүгінгі күнге 2185 адам тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып,  бүгінгі күнге 1384 адам тұрақты жұмысқа жіберілді немесе жоспардың 63,0 пайызға орындалды. 

2023 жылға «Бірінші жұмыс орны» жаңа жобасы бойынша 19 адамға жоспарланып, 16 адам жіберілді, жоспар 84,0 пайызға орындалды.

Ұрпақтар келісім-шарты бойынша 10 адамға  жоспарланып, жоспар 100,0 пайызға орындалды.

«Күміс жас» жобасы бойынша 60 адамға  жоспарланып, 63 нақты жіберіліп, жоспар 105,0 пайызға орындалды.

Аудан бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрап отыр.

 

Әлеуметтік көмек

 

2023 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 9965,6 мың теңге жергілікті бюджеттен, облыстық бюджеттен 38581,2мың теңге  қаржы қаралды.

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының 1-6 жасқа дейіңгі балаларына облыстық бюджеттен 7329,8 мың теңге, жергілікті бюджеттен 334,4 мың теңге қаржы қаралды.

2023 жылы  аз қамтылған 113 отбасы 636 отбасы мүшелері анықталып, 48545,5 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет 203 балаға  7664,2 мың теңгеге кепілдендірілген пакет берілді.

Жалпы аудан бойынша мекемелер мен ұжымдардың, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 2862  адамға 23417,9 мың теңгеге қаржылай және заттай түрде қайырымдылық көмек берілді.

Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 20 тамыздағы  № 517 шешіміне сәйкес «Ауылдық елді мекендерде тұратын жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария  ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін»  1180 маманға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 20355,0 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып,  төленді.

«Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылдың қыркүйек айындағы  №105  шешіміне сәйкес туберкулезбен ауыратын  40 азаматқа 10,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 7308,3 мың теңге; 

Онкологиялық аурумен амбулаториялық ем алушы 83 азаматқа 10 АЕК мөлшерінде 13542,0 мың теңге ;

ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, 1,2,3 топ мүгедектер, 16 жасқа дейіңгі мүгедектерге квота бойынша емделіп, барып қайту жол шығындары үшін 28 адамға 815,8 мың теңге;

Үйден оқитын 48 мүгедек балаларға  2,0 АЕК  мөлшерінде 2221,9  мың теңге әлеуметтік көмек;

Өмірлік қиын жағдайға душар болуына байланысты 9 отбасына 1730,0 мың теңге бір жолғы жәрдемақы;

9 мамыр мерекесіне орай біржолғы жәрдемақы 228 ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға – 29870,0 мың теңге біржолғы жәрдемақы ;

30 тамыз айына мүгедектер күніне – 1198 адамға 59900,0 мың теңге бір жолғы жәрдемақы ;

Жылу маусымында 3500 теңгеден коммуналдық шығындар үшін  ҰОС ардагерлері мен теңестірілген 76  адамдарға – 1064,0 мың теңге төленді.

         Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңына және «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына» сәйкес 2023 жылы «Әлеуметтік қызметтер порталы»  арқылы 995 адамнан өтініш тіркеліп, оның ішінде :

  1. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бара адамдарға жеке көмекшінің қызметіне  –109  өтініш түсіп, 111603,8 мың теңгесі ;
  2. Мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге – 139 өтініш түсіп, 31424,0 теңгесі ;
  3. Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) , сурдо-тифло техникалық құралдармен қамтамасыз етуге –568 өтініш түсіп, 63813,0 мың теңгесі ; 
  4. Мүгедектігі бар адамдарға жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге – 47 өтініш түсіп, 8300,0 мың теңгесі ;
  5. Протез ортопедиялық көмектер үшін –132 өтініш түсіп 9468,0 мың теңгесі аударылды.

Аудан бойынша 117 жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен 18 жасқа дейіңгі  43 балаға  үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп отыр.

Сонымен қатар   мүмкіндігі шектелі  азаматтарға аудан бойынша «Инватакси» қызметіне жергілікті бюджеттен 7313,0  мың теңге қаржы қаралып,  мемлекеттік сатып алу тәсілімен аудандағы мүгедектер қоғамы «Шалқар саясы» 147  мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға  қызмет көрсетіп 2023 жылы  7313,0 мың теңгесі игерілді.

Қарт, жалғызбасты егде жастағы адамдардың бос уақытын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша 2023 жылы жергілікті бюджеттен 23702,3 мың теңге қаржы қаралып, «Белсенді өмір сүру» орталығы жобасын іске асыру мақсатында мемлекеттік сатып алу тәсілімен «Қамқор+Д» мүгедектерді қолдау орталығы қоғамдық бірлестігімен шартқа отырып, 184 қарт азаматтар тіркеліп, ағымдағы жылы 23702,2  мың теңге қаржы аударылды.

Мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік және психологиялық қолдау жобасы аясында 2023 жылы жергілікті бюджеттен 11550,0 мың теңге қаржы бөлініп, 11550,0 мың теңгесі төленіп, мемлекеттік тапсырыс аясында «Шалқар саясы» мүгедектерді қолдау қоғамдық бірлестігімен шартқа отырып,  күндізгі уақытта қызмет көрсететін «Жартылай стацинар»  ашылып, дефектолог, логопед және массаж т.б қызметтер көрсетілді.

Документы
Ақпарат
21 октября 2024
2024 жылға Шалқар ауданы бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар,кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттырының мемлекеттік қызметшілері саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне қосымша енгізілген мамандар тізбесі.
Ақпарат
10 июля 2024
2024 жылға Шалқар ауданы бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар,кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттырының мемлекеттік қызметшілері саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне қосымша енгізілген мамандар тізбесі.
Ақпарат
28 марта 2023
2023 жылға Шалқар ауданы бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар,кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттырының мемлекеттік қызметшілері саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне қосымша енгізілген мамандар тізбесі.
Новости
Полезные материалы
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмыс
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Шалқар ауданы әкімдігі
Часто задаваемые вопросы
Көп балалы отбасыларға қандай жәрдемақы беріледі?

Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 4-тен көп баласы бар отбасыларға 42496 теңгеден 78 мың теңгеге дейін сараланған.

Ақылы қоғамдық жұмысқа тіркелу үшин не істеу кажет?

Электрндық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы «egov» порталына жұмыс іздеуші ретинде тіркелу қажет, тіркелгеннен соң 3 жұмыс күннен кейін жұмыссыз мәртебесі беріледі және ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама беріледі

Әлеуметтік жұмысшыларға зейнетақыны кімдер аударады?

Жұмыспен қамту орталығы  35 %  бюджеттен субсидия ретінде төлейтін болғандықтан зейнетақыны жұмыс беруші төлейді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы