
2023 жылы ауданның мәдени саласында мәдениет мекемелерінің саны 34 бірлікті құрады, оның ішінде
21- мемлекеттік кітапхана: 1 аудандық орталық,1 қалалық жасөспірімдер,1 аудандық балалар,3 қалалық,15 ауылдық кітапхана.
13 мәдени-демалыс мекемелері: 1аудандық,4 ауылдық мәдениет үйлері, 8 ауылдық клубтар.
Саладағы мәдениет қызметкерлерінің жалпы саны – 163 штаттық бірлік,нақты-183, оның ішінде шығармашылық құрам - 90 адам.
Есепті кезеңде 617 мәдени шара ұйымдастырылды. Мәдениет үйлері жанында 60 үйірме жұмыс жасап, оған 546 адам қамтылған. Оның 30 балаларға арналған, қатысушы 326 бала және 220 мүшесі бар 30үйірме жастар мен үлкендерге бағытталған . Кітапханалар жанында балалар шығармашылықтарына бағытталған 6 үйірме 67 оқырмандарымен жұмыс жасайды.
Аудан кітапханаларының кітап қоры 225016 дана, оның мемлекеттік тілдегісі 136493 дана. Жаңадан келген кітаптар саны 3346 дана. Кітапханадағы оқырмандар саны -23317 адам.
Ағымдағы жылы Мөңке би мен Қауылжыр елді мекенінен 150 орынды ғимарат құрылысы аяқталуда.
Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне Шалқар ауданы бойынша 26 ескерткіш енгізілді. Ауданымызда орналасқан ескерткіштер бақылауға алынып, қажеттілігіне сәйкес шаралар қабылдануда, бүгінгі таңда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында биыл Оңалбек (Балғасын) облыстық бюджет қаржыландырылуымен реставрация және Тоқпан ескерткіштеріне республикалық бюджет қаржыландырылуымен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Шілікті ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына 2024 жылы «Ауылым алтын бесігім» бағдарламасына енгізу мақсатында сметалық құны 316019,0 мың тенгеге құжаттары дайындалды.
«Таланттарды бірге ашайық » жобасы аясында 13 іс шара ұйымдастырылды.
«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру» мақсатында 28 іс шара атқарылды.
«Е-өтініш» бойынша есепті мерзімде барлығы 33 арыз тіркеліп каралды.Мерзімі өткен немесе жауапсыз қалған арыздар жоқ.
Тілдерді дамыту бойынша жылдық жоспар негізінде 6 іс-шара өткізілді. «Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің жанынан құрылған сараптама тобы әр ай сайын ҚР Тіл туралы заңының орындалысын бақылау мақсатында аудан орталығында орналасқан сауда орындарының маңдайшалары мен көрнекі ақпараттардың, кассалық чектердің, тамақтану орындарындағы қызмет көрсету барысында ұсынылатын мәзір тілдерінің мемлекеттік тілде дұрыс әрі сауатты қолданылуын қадағалап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізуіне байланысты, тоқсан сайын және жылдық мерзімде мемлекеттік тілдегі құжат айналымы туралы ақпаратты (сандық және пайыздық негізде)ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелерден жинақтай отыра, Облыстық тілдер басқармасына жолдананды.
Аудан тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 100% , мемлекеттік органдардағы құжатайналымының мемлекеттік тілдегі үлесі 98,0% құрайды.
Кәсіпкерлік нысандардағы көрнекі ақпарат құралдарының Тіл туралы заң талаптарына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында бөлім тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Жұмыс барысында анықталған кемшіліктер бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, аталған жұмыстар оң нәтижесін беріп, кеткен қателіктер де түзетілуде. Есепті кезеңде 72 объектіге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, соның 12 объекті кемшіліктерді жойды.