№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы |
Орындау мерзімі |
|
1 |
«Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер. |
ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес «Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жергілікті өкiлдi органдар (мәслихаттар) бекіткен тәртіппен және мөлшерде көрсетіледі» делінген. Осыған сәйкес әрбір облыс, аудандық мәслихаттар көрсетілетін мөлшері мен тәртібін бекітеді. Бүгінгі таңда бұл қызмет өтініш берілмей, тізім бойынша көрсетілуде. Аталған қызмет түрі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде енгізілмеген. Яғни, аталған қызмет түрін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізуді және көрсетілетін әлеуметтік көмектің тәртібін бірыңғай қағидамен бекітуді.
|
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ММ хат жолданды |
Хатқа жауап түспеді |
2025 жылдың 1 желтоқсан айына дейін |
|
2 |
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығында кәмелеттік жасқа толған еңбекке қабілетті балалары елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты міндеттері. |
«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығы 25 тармағының 5) тармақшасында «Әлеуметтік кодексте белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, Кодекске сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты), сондай-ақ отбасы ішінде жанжал болған жағдайда оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарт адамдарға көрсетіледі делінген. Алайда «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 145 бабында «Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.» деп айтылған. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығына сәйкес кәмелетке толған балалары елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты зйенеткерлік жасқа жеткен өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарына үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстегі көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндеті ескерілмеген. Яғни, кәмелеттік жасқа толған еңбекке қабілетті балалары елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты міндеттерін реттеу шарасын қажет етеді.
|
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ММ хат |
Хатқа жауап түспеді |
2025 жылдың 1 желтоқсан айына дейін |