|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда
|
Орындау мерзімі |
|
1 |
Өнім берушілер жұмыстардың орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда шарттың жалпы сомасынан: ал, міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда міндеттемелер сомасынан 0,1 % мөлшерде тұрақсыздық айыбын өндіру және келісім шарттың жалпы сомасының 10 % аспауы қаралған. Бөлім тарапынан Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 152-бабына сәйкес, мұндай әлеуетті өнім берушілердің тұрақсыздық айыбы өндіруге ескерту хаттары беріліп келеді. Шарт бойынша жұмыстарды кешіктірген өнім берушілер ескерту хатына сәйкес өз еркімен төлемей, тапсырыс берушінің сот органдарына талап арыз берілуін күтеді. Себебі: көп жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арыздарға берілген қарсы пікірлерде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 297-бабына сілтеме жасалып, тұрақсыздық айыбы 80 % дейінгі мөлшерде азайтылып, сот арқылы шешуге мүмкіндіктер пайдаланады. Бөлім тарапынан мұндай сот шешімдеріне аппеляциялық шағым жасау кезінде жоғары тұрған органнан келісімдер алу қаралған.
|
Мемлекеттік сатып алу туралы екі жақты шарттың міндеттерімен құқықтарын талап етуге кедергілер туғызуда. Сот арқылы тұрақсыздық айыбы өндірілген әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу қажет, ал заң нормаларын сақтаған әлеуетті өнім берушіге басымдық беру туралы ұсынымдар беру.
|
Қаржы министрлігіне |
Хат алдағы уақытта ұсынылатын болады |
1 жыл ішінде |
|
2 |
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім беруші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндеттелген. Бөлім тарапынан осындай өнім берушілерге Қазақстан Республикасының «Азаматтық процестік кодесіне» сәйкес, ескерту хаттары жолданып келді. Мемлекеттік сатып алу шартын бұзған өнім берушілерді тиісті заңдылықтарға сәйкес 30 күн ішінде экономикалық сотына талап арыздар беріледі. Және де бөлімнің талап арызына сәйкес аталған заң бұзушылықтар сот орындарында ұзақ мерзімде қаралып құқықтық қылықтар анықталады. Осылайша талап арыз қанағаттандырудан бас тартылып Мемлекеттік сатып алу туралы заңын бұзу фактісінен жеңіл құтылады. |
Мемлекеттік сатып алу туралы порталына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында, мұндай әлеуметті өнім берушілердің ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын бұзғандығы туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу порталына көрінетіндей автоматты жүйе қалыптастыру туралы ұсынымдар беру. |
Қаржы министрлігіне |
Хат алдағы уақытта ұсынылатын болады |
1 жыл ішінде |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №867 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы «ҚР Заңының 74-бабындағы және меншік иесінің салынған объектіні өз бетінше пайдалануға қабылдау қағидаларын жою қажет. |
Меншік иесінің салынған объектіні өз бетінше пайдалануға қабылдау қағидаларын жою туралы ұсынымдар беру. |
Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына |
Хат алдағы уақытта ұсынылатын болады |
1 жыл ішінде |