ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Тоғыз ауылдық округін қарасты Тоғыз, Жылан, Төсбұлақ, Кеңдала, Көпмола елді мекендерінде округте 5 медициналық пункт жұмыс жасайды. Дәрігерлік амбулаторияда тіркеуде тұрған науқастар мен мүгедектердің тиісті жеңілдіктермен алынатын дәрілері, емдері уақытылы беріліп отырады. Түрлі аурулар бойынша скринингтік, флюрографиялық тексеруден өткізілуге тиіс адам тегіс өткізілді. 2023 жылы 11 бала дүниеге келді.