Тоғыз ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Тоғыз ауылы №1 10 ақпан 2026 жыл
Өткізілу орны: «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз аулдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ғимараты
Өткізілу уақыты – 10-00
Барлық мүше – 7 адам
Қатысқандар – 7
Қатыспағандар – жоқ
Күн тәртібінде:
Тыңдалды:
Тоғыз ауылдық округінің әкімі Б.Ідірісов
Жиналысқа 7 адам қатысып отыр. Жиналыс заңды. Кворум бар. Әуелі қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлап алайық. Кімде қандай ұсыныс бар?
Қоғамдастық төрағасына Ж.Мұханды, хатшысы ретінде Г.Үмбетованың кандидатурасын ұсынамын.
Кімде тағы қандай ұсыныстар бар?Ұсыныс жоқ. Онда дауысқа салайық. Жиналыстың төрағасы болып Ж.Мұхан, хатшысы ретінде Г.Үмбетова сайлансын дегендер дауыс берейік. Қолдағандар 6 адам. Қарсы жоқ. Қалыс жоқ. Кадидатурадан бірауыздан қабылданды. Сөзді төрағаға берейік.
Жиналыс төрағасы Ж.Мұхан
-Жиналысымыздың күн тәртібінде:
Жыл басында Тоғыз ауылдық округ бюджетінің бос қалдықтары 112,3 мың теңге болып тұр. Осы қаражатты қажетті бюджеттік бағдарламаларға бөліп, бюджеттің жобасын аудандық мәслихат сесиясына ұсыныс беруіміз керек. Осы қаражатты қандай мақсаттарға пайдаланамыз? Кімде қандай пікір бар?
Мәселе бойынша шығып сөйлегендер:
Елеусізова Клара- қоғамдастық мүшесі:
Бюджет қаражатының бос қалдығы 112,3 мың теңге қаражаттан ауыл көшелерін жарықтандыру қызметін қамтамасыз ету үшін бөлуге ұсыныс беремін.
Қ.Жұмашева -қоғамдастық мүшесі:
Бұл пікірмен толық келісемін.
Қ.Орынбасар -қоғамдастық мүшесі
-Басқа өзгерістер жоқ, осы жобаны аудандық мәслихаттың сесиясына шығаруға қарсы емеспін.
Қоғамдастық төрағасы-Ж.Мұхан:
Кімде тағы ұсыныстар бар№ ұсыныс жоқ. Онда дауысқа салайық.
Қолдағандар 6 адам.Қарсы дауыс барма? Жоқ. Қалыс қалушы жоқ.
Тоғыз ауылдық округінің қоғамдастық жиналысы шешім етті:
Тоғыз ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жоба аудандық мәслихаттың сесиясына ұсынылсын.
Жиналыс төрағасы С.Мұқан
Жиналыс хатшысы Г.Үмбетова