Округте 1 орта мектеп,1 негізгі орта мектеп бар. Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектебінде 1-11 сыныпта 103 оқушы, мектеп алды даярлық тобында -8 оқушы білім алуда. М.Орынбасаров ат. негізгі орта мектебінде 1-9 сыныпта 43 оқушы, мектеп алды даярлық тобында -7 оқушы, шағын орталық топта - 17 бар. 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Ауылдық білім беру ұйымы тек мектеп бағдарламасын орындап қана қоймай, баланы қабілетіне қарай баулып, әлеуметтік өмірге белсенді араласуға үндеп, әртүрлі сайыстар мен жарыстарға қатысып жүлдемен оралып жүрген шәкірттерді тәрбиелеуде. «Толағай» бөбекжай-бақшасында 25 бала тәрбиеленеді. Барлық бөлмелері талапқа сай жабдықталып балаларға жағдай жасалған. Барлық мерекелік шараларға ұйымшылдықпен қатысып және түрлі сайыстар өткізіліп тұрады.