GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Все материалы
22 октября 2026
Ұлттық қолөнер мектебі» жобасының бейнесабақтары YouTube желісінде жарияланды

«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасының бейнесабақтары YouTube желісінде жарияланды

«Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасына қатысқан тәлімгер шеберлердің бейнесабақтары YouTube желісінде жарияланды. Енді кез келген адам қазақтың қолөнерінің ерекшелігімен танысып, тәжірибелі мамандардан тегін үйрене алады. Сабақтар қолданбалы өнердің түрлі бағыттарын өз бетінше меңгеруге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Жобаны «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Білім беру жобасы аясында 10 қолөнер шеберінен 8-20 жас аралығындағы 208 оқушы тәлім алды. Оқу бағдарламасы зергерлік өнер, ағаш пен тері өңдеу, киіз басу, керамика, кілем тоқу және дәстүрлі қолданбалы өнердің өзге де түрлерін қамтитын 10 бағыт бойынша өтті.

Бейнесабақтар шеберлердің білімі мен тәжірибесін көпшілікке танытуға, ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге және қолөнер дәстүрін кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.

Аталған бейнесабақтарды YouTube желісіндегі «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы бойынша тізімнен көруге болады.

22 октября 2026
ҚР ІІМ: жыл басынан бері тіркелген интернет-алаяқтықтардың саны 21%-ға азайды

ҚР ІІМ: жыл басынан бері тіркелген интернет-алаяқтықтардың саны 21%-ға азайды

ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайдың айтуынша, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ұйымдастырушылық-практикалық және алдын алу шараларының арқасында негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды.

Қазіргі уақытта азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинағаны және таратқаны үшін жауапкершілік мәселесі өзекті болып отыр.

«Ағымдағы жылғы мамыр айында біз Чехия полициясымен бірлесіп Қазақстан азаматтарының дербес деректерін таратқан халықаралық арнаны жою бойынша сәтті арнайы операциясын жүргіздік. Аталған іс бойынша Усть-над-Лабем, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында 6 фигуранттың тұрғылықты мекен жайы бойынша тінту іс-шаралары жүргізілді, олардың барлығы – Қазақстан азаматтары. Қылмыстық схеманың 3 тікелей ұйымдастырушысы ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде», – деді ведомство өкілі.

20 октября 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

✔️Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды Құтқарушы күнімен құттықтап, төтенше жағдай саласының қызметшілеріне ризашылығын білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай саласының қызметшілері ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайтын, сын-сағатта жедел шешім қабылдай алатын, арнайы даярлықтан өткен нағыз кәсіби мамандар деп есептейтінін айтты.

20 октября 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

19 октября 2026
Есірткіге жол жоқ!

Есірткіге жол жоқ! 🚫
Есірткі — адам өміріне қауіп төндіретін, денсаулыққа зиян келтіретін және тәуелділік тудыруы мүмкін зат. Есірткіге тәуелділік адамның дене және психикалық денсаулығына, отбасына, біліміне және болашағына кері әсер етеді.
Есірткінің адам ағзасына зияны
Миға зияны: есте сақтау, ойлау және зейін қою қабілетін төмендетуі мүмкін.
Жүрекке зияны: жүрек соғысы мен қан қысымының бұзылуына әкелуі ықтимал.
Психологиялық зияны: мазасыздықты күшейтіп, көңіл күйдің өзгеруіне себеп болуы мүмкін.
Жалпы денсаулыққа зияны: ұйқы мен тәбетті бұзып, ағзаның қалыпты жұмысын әлсіретеді.
Тәуелділік: адамға затты қайта қолдануға деген күшті қажеттілік пайда болуы мүмкін.
Есірткінің қоғамға зияны
Отбасындағы қарым-қатынасты бұзады.
Оқу үлгеріміне және еңбекке кері әсер етеді.
Қаржылық және әлеуметтік қиындықтарға әкелуі мүмкін.
Адамның болашақ мақсаттарына жетуіне кедергі келтіреді.
Қоғамдағы қауіпсіздік пен денсаулыққа қатысты мәселелерді күшейтеді.
Есірткінің алдын алу жолдары
Салауатты өмір салтын ұстану.
Спортпен айналысып, пайдалы әдеттер қалыптастыру.
Белгісіз дәрілер мен заттарды қабылдамау.
Қауіпті ұсыныстарға батыл түрде «жоқ» деп айту.
Қиындық туындағанда ата-анаға, мұғалімге немесе маманға жүгіну.
Есірткінің зияны туралы дұрыс ақпарат алу.

19 октября 2026
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Зорлық-зомбылық — адамның ар-намысына, құқықтары мен бостандығына нұқсан келтіретін әрекет. Ол тек күш көрсету ғана емес, сонымен қатар қорлау, қорқыту, психологиялық қысым жасау және қаржылық шектеу арқылы да көрінуі мүмкін.
Әрбір адам қауіпсіз өмір сүруге, құрметке және еркіндікке лайық. Отбасында да, қоғамда да ешкімнің басқа адамды қорлауға немесе оған күш көрсетуге құқығы жоқ. Зорлық-зомбылыққа бейжай қарамай, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету — баршамыздың ортақ міндетіміз.
Есіңізде болсын: зорлық-зомбылыққа төзуге міндетті емессіз. Үндемей қалмаңыз, көмек сұраудан қорықпаңыз!

19 октября 2026
Өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

Өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік саланы дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15 октября 2026
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

📌Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда, ол азаматтардың жаңа экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жаңа Конституциядағы табиғатқа ұқыпты қарау қағидатының негізгі элементіне айналды. Ауқымды жоба аумақтарды абаттандыру, қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын дамыту және экологиялық ағарту жөніндегі кешенді шараларды қамтиды.

Жыл өткен сайын Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы экологиялық іс-шараларға қатысушылар саны да арта түсуде. Егер 2025 жылы оған 6 млн адам қатысқан болса, осы жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін 7 млн-нан астам азамат атсалысқан. «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру басталғаннан бері елді мекендерде 7 млн-нан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорының аумақтарында 1 млрд-тан астам тұқым пен көшет отырғызылды.

15 октября 2026
Қазақстан Республикасының Конституциясы — еліміздің басты заңы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — еліміздің басты заңы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Конституция қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті, азаматтардың теңдігін қамтамасыз етіп, мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтуға негіз болады.

Әрбір азамат Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын сақтай отырып, еліміздің тұрақтылығы мен дамуына өз үлесін қосады.

Конституцияны құрметтеу — заңды құрметтеу, ал заңды құрметтеу — жарқын болашақтың кепілі. 🇰🇿

12 октября 2026
Қазақстан FIRST Global Challenge 2026 чемпионатында әлемнің үздік төрттігіне енді

Қазақстан FIRST Global Challenge 2026 чемпионатында әлемнің үздік төрттігіне енді

Қазақстан ұлттық құрамасы Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен FIRST Global Challenge 2026 халықаралық спорттық робототехника чемпионатында әлемдік рейтингтің үздік төрттігіне енді. Байқауға әлемнің 185 елінен командалар қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстандық оқушылар іріктеу кезеңіндегі 11 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама әлемдік рейтингте төртінші орынға ие болып, инженерлік дайындық пен командалық жұмыстың жоғары деңгейін көрсетті.

Қазақстан құрамасы бұған дейін төрт жыл қатарынан FIRST Global Challenge чемпионатының жеңімпазы атанған болатын. Биылғы нәтиже де отандық оқушылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұлттық құрама сапында Алматы қаласындағы М. Ганди атындағы №92 мектеп-лицейінің 9–11-сынып оқушылары Хусейн Мақсұт, Нұртас Серік, Аспандияр Бердали және Арнур Абдулла, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназиясының оқушысы Ерасыл Ендібай өнер көрсетті.

Ұлттық құрама Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен USTEM Foundation қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған іріктеу нәтижесінде жасақталды. Бұл жұмысқа Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері қатысып, Astana Motors құрамындағы OMODA & JAECOO брендтері қолдау көрсетті.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы