Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубымен табысты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан заманауи футбол инфрақұрылымына, жаттығу базасына және жас ойыншыларды даярлау бағдарламасына белсенді түрде инвестиция құйып жатыр. Сонымен қатар елдегі футбол клубтарын жекешелендіру үдерісі жалғасуда.
Бұдан бөлек, Президент ФИФА-мен бірге барлық өңірде балаларға арналған 100-ден астам жаңа футбол алаңын салу жұмыстары қолға алынғанына назар аударды.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Испания құрамасы мен испаниялық футбол мектебінің жетістіктеріне айрықша тоқталып, осы озық тәжірибені терең зерделеуге және оны қазақстандық дарынды ойыншылардың жаңа буынын тәрбиелеу ісінде пайдалануға мүдделі екенімізді атап өтті.
«Атлетико Мадрид» клубының бас директоры елімізде футболды қолдауға ерекше назар аударғаны үшін Президентке ризашылығын жеткізді.
Ол Алматы облысындағы «Атлетико Мадрид» академиясының инфрақұрылымы туралы оң пікір білдіріп, оның келешекте футболға арналған үздік оқу-жаттығу кешендерінің бірі болатынын айтты.
Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
🔹 Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтардың, өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.
🔹І дәрежелі «Барыс» ордені «TNS-group» концерні» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т.Жұмағұловқа және актер Н.Ықтымбаевқа; ІІ дәрежелі «Барыс» ордені білім саласының ардагері Е.Мәмбетқазиевқа, «Қазақстан Республикасы альпинизм және тауға өрмелеу федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Қ.Уәлиевке; ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені «Ново-Приречное» ЖШС директоры В.Тюркинге, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы С.Шаңғұтовқа және басқаларға берілді.
🔹«Құрмет» орденімен «Өзенмұнайгаз» АҚ кран машинисі Б.Досқарин, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі Е.Кальмбах, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Астық-STEM» ЖШС бас агрономы Т.Хамидуллин, «Здоровая Азия» онкологиялық ауруларды қолдау жөніндегі қоғамдық қорының негізін қалаушы Н.Плохих, Қызылорда облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының басшысы А.Мұсафирова, Атырау облысындағы су шаруашылығының ардагері Н.Қонас, Ақтөбе облысының «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» МКК балалар дәрігері Б.Медетбаев және басқалары марапатталды.
https://t.me/aqorda_resmi/36524
20 қазан - қазақтың көрнекті ағартушысы, ұстаз, жазушы әрі ұлттық білім беру ісінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің туған күні.
Әр адамның әлеуметтік қауіпсіздігі мен лайықты өмір сүруіне жағдай жасау – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында азаматтарға жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне кепілдік берілетіні бекітілген.
Сонымен қатар мемлекет жасына, денсаулық жағдайына, мүгедектігіне немесе асыраушысынан айырылуына байланысты заңда көзделген әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік береді.
Бұл конституциялық норма халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.
Әлеуметтік кепілдіктер – азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімінің маңызды негізі.
#Конституция #Қазақстан #31бап #ӘлеуметтікҚорғау #АзаматҚұқығы #ӘлеуметтікКепілдік
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды кепілі.
Әрбір жүргізуші жолда қауіпсіздік талаптарын сақтап, көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тағуы, белгіленген жылдамдықты асырмауы және жаяу жүргіншілерге жол беруі қажет. Ал жаяу жүргіншілер жолды белгіленген орындардан кесіп өтіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
Жолдағы жауапкершілік пен сақтық – қауіпсіздіктің басты кепілі. Өз өміріңіз бен өзгелердің өміріне бейжай қарамаңыз!
#ЗаңМенТәртіп #ЖолҚауіпсіздігі #ҚауіпсізЖол #Жауапкершілік
2026 жылғы 1 шілдеден бастапкүшіне енген Қазақстан Республикасының Ата Заңы -еліміздің конституциялық дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртқан тарихи кезең.
Ата Заңның басты жаңашылдықтары:
🔹 адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтілді;
🔹 заң үстемдігі мен мемлекеттік биліктің жауапкершілігі бекітілді;
🔹 қос палаталы Парламенттің орнына 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтай құрылды;
🔹 Вице-Президент институты енгізілді;
🔹 Қазақстан Халық Кеңесі жоғары консультативтік орган ретінде құрылды;
🔹 білім, ғылым, инновация және адам капиталы мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының негізгі бағыттары ретінде айқындалды;
🔹 еліміздің егемендігі, тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы мен унитарлық сипатының өзгермейтіндігі бекітілді.
Жаңа Конституция -тек мемлекеттік институттарды жаңғыртатын құқықтық құжат емес. Ол әрбір азаматтың құқығын қорғауға, әділетті қоғам қалыптастыруға және халықтың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.
Ата Заңды құрметтеу -заңды сақтау ғана емес, ел болашағына жауапкершілікпен қарау.
Жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және Әділетті Қазақстанды құруға берік негіз болсын!
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ доктранты, ҚжАҚжП кафедрасының аға оқышушысы Майсатаева А.Ш.
#ЖаңаКонституция #Қазақстан #АтаЗаң #ӘділеттіҚазақстан #ЗаңҮстемдігі
Президент: «Кейінгі бес жылда құтқарушыларымыз 75 мыңнан астам жедел шақырту бойынша 240 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетті»
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл құтқарушылары» бастамасын бүкіл ел аумағында кеңінен қолдану қажет деп санайды
Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды Құтқарушы күнімен құттықтап, төтенше жағдай саласының қызметшілеріне ризашылығын білдірді.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай саласының қызметшілері ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайтын, сын-сағатта жедел шешім қабылдай алатын, арнайы даярлықтан өткен нағыз кәсіби мамандар деп есептейтінін айтты.
Ақтөбе облысында 1945 жылы салынған Қарауылкелді теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қайта жаңғырту барысында бір қабатты ғимараттың ауданы 112-ден 208 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Жақтау мен шатыр толығымен жаңартылып, қасбеті фиброцемент тақтайшалармен қапталған. Ішкі инженерлік желілер жаңғыртылып, әрлеу жұмыстары жүргізілді, іргелес аумақ абаттандырылды.
Ішкі бөлмелерде қабырғалар су негізіндегі бояумен сәндік сылақпен безендіріліп, «Армстронг» түріндегі аспалы төбелер орнатылған. Едендерді жабу үшін фарфор плиткалары мен модульдік винил тақталары қолданылған. Вокзал жаңа жиһазбен және қажетті жабдықтармен жабдықталған. Жұмыстарды жүргізу кезінде қазақстандық өндірістің материалдары қолданылды.
Қарауылкелді вокзалы 2 типке жатады. Станция арқылы Семей, Маңғыстау, Бейнеу, Атырау, Орал, Ақтөбе, Көкшетау, Бурабай, Қостанай, Шымкент, Түркістан, Тараз және Шумен байланыстыратын 12 пойыз қатынайды.