«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
- Ауылдық округте мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ кент ішіндегі автомобиль жолдарын салуды, қалпына келтіруді, жөндеуді және күтіп ұстауды қамтамасыз етеді;
- Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді;
- Қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастырады;
- Өз құзыреті шегінде ауылдық округті сумен қамтамасыз етуді және су пайдалану мәселелерін реттеуді ұйымдастырады;
- Ауылдық округте абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады;
- Тексіздерді жерлеуді, зираттарды және басқа да жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
- Тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің мақсатты және тиімді пайдаланылуын есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.