
М.Тәжин атындағы орта мектептің директоры –Тлеужанов Асылбек Амантайұлы, 2022 жылдың 4 сәуір айында тағайындалды.
Мектеп 1967 жылы Қайыр 8 жылдық мектеп болып ашылып, 1978 жылы Қайыр орта мектебі болып өзгертілді, 1993 жылы М.Тәжин атындағы орта мектебі болды, жаңа мектеп ғимараты 2005 жылы салынып, пайдалануға берілді.
М.Тәжин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 101 адам жұмыс жасайды. Оның ішінде мұғалім – 52, кіші қызметкер - 49. Оқушылар саны барлығы - 257 бала, оның ішінде 1-11 кл аралығы – 237 бала. Мектеп алды даярлықта – 20 бала.
«Балдәурен» бөбекжай бақшасы 2008 жылы ашылған. Бала бақша меңгерушісі – Жұмахметова Шынар Болатбекқызы.
Балабақшада 20 адам жұмыспен қамтылған. Оның 7 - педагог, 1-медбике, 11 - кіші қызметші. Балабақшада 2 топ бар, 40 бала тәрбиеленуде. Балабақша ауласы жыл сайын тазаланып, көгалдандырып отырады, ойын алаңдарымен қамтамасыз етілген.